Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына 1-қосымша
Нысан
2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттікәлеуметтіктапсырыстыңжоспарланғантақырыбы |
Қаржыландырудыңжоспарланғанкөлемі (мыңтеңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Туберкулезді бақылау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс |
4 200 |
2026 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мониторингі: жоспарланған сома – 4 200 мың теңге. Жоба аутрич-жұмыс, байланыста болған адамдарды тексеруге жолдау, ерте анықтау және емге бейілділікті қолдау бағыттарын қамтиды. |
Туберкулез бойынша қауіп топтары, әлеуметтік осал және маргиналданған топтар, ТБ-мен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар. |
Қауіп топтарын ақпараттандыру және скринингке бағыттау; ТБ-ны ерте анықтауға үлес қосу; емге бейілділікті кемінде 85% деңгейінде қолдау; емді үзген адамдарды емге қайтару; ТБ-ға қатысты стигманы төмендету. |
|
2 |
Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту шараларын жүргізу |
4 000 |
2026 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мониторингі: жоспарланған сома – 4 000 мың теңге. 39 білім беру ұйымында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2 867 жасөспірім мен жас қамтылған. |
Жасөспірімдер мен жастар, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері. |
АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы хабардарлықты арттыру; салауатты өмір салты мен қауіпсіз мінез-құлыққа бейілділікті күшейту; репродуктивтік денсаулық және АИТВ/ЖЖБИ профилактикасы бойынша білім деңгейін арттыру. |
|
3 |
2027 жылы еркекпен жыныстық қатынастағы еркектер (ЕЖЕ) арасында АИТВ-ның алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс |
4 000 |
2026 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мониторингі: жоспарланған сома – 4 000 мың теңге. Жоба ЕЖЕ арасында аутрич-жұмыс, кеңес беру, экспресс-тестілеу, PrEP және Достық кабинетіне бағыттау іс-шараларын қамтиды. |
Еркекпен жыныстық қатынастағы еркектер (ЕЖЕ), АИТВ жұқтыру қаупі жоғары нысаналы топ. |
Кемінде 140 бірегей клиентті профилактикалық бағдарламалармен қамту; қамтылған ЕЖЕ-нің кемінде 95%-ын экспресс-тестілеумен қамту; PrEP және АИТВ/ЖЖБИ тестілеуіне бағыттау; оң нәтиже анықталған жағдайда 100% әлеуметтік сүйемелдеу. |
|
4 |
Жастар арасында зиянды әрекеттердің құқықтық салдары туралы ағарту шараларын жүргізу |
4 000 |
2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде жастар арасында есірткі және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу, олардың денсаулыққа және құқықтық салдары туралы ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізуді қамтиды. «Таңдау өз қолыңда!» іс-шарасымен 4 колледждің 474 студенті, «Синтетикалық есірткілерді қолданудың салдары» семинарымен 273 оқушы, «Тәуелділіксіз Атырау» ақпараттық-профилактикалық іс-шарасымен 95 адам қамтылып, 150 ақпараттық буклет пен жадынама таратылды. |
14–35 жас аралығындағы жастар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері |
Жастардың зиянды әрекеттердің медициналық және құқықтық салдары туралы хабардарлығын арттыру; есірткі және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу; құқықтық сауаттылық пен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. |
2027 жылғы «___» __________ жағдайы бойынша