
«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады. Атырау облысы бойынша Статистика департаментінің мәліметінше, 01.09.2025 жылы 713933 адам, оның ішінде ауыл халқы 321824 - 45,1%, қала халқы 392109 - 54,9% құрады.
Тіркелген халық тіркелімінің деректеріне сәйкес Атырау облысы бойынша 2025 жылғы тамызда тіркелген халық саны 711992 құрады, тіркелген халықтың жалпы санынан ауыл халқының саны - 358817, бұл 50,4% құрайды.
Атырау облысы бойынша барлығы 35 мемлекеттік медициналық ұйым, оның ішінде стационарлар - 11, емханалар - 9, ОАА, АА - 7, басқалары - 8.
Атырау облысы бойынша МӘМС жүйесіне 80 жеке медициналық ұйым қатысады. 80 жеке меншік ұйымдардың ішінде стационарлар - 11, МСАК - 4, МСАК+стационарлар - 3, күндізгі стационарлар - 28, стоматология - 20, КДУ - 13.
Облыс бойынша - алғашқы медициналық-санитарлық көмек түрінде 22, оның ішінде 15 мемлекеттік және 7 жеке меншік. 7 жеке меншік медициналық ұйымның 3-уінде («Медикер-Жайық» ЖШС, «AB medical» ЖШС, «Достар Мед Престиж» ЖШС) емхана және стационар қызметтерін көрсетеді.
Барлығы 29 стационар, оның ішінде 18 мемлекеттік және 11 жеке меншік.
Функционалдық бөлімшелердің типі бойынша: ауылдық ауруханалар - 3, ОАА немесе АА - 7, дәрігерлік амбулаториялар (мем) - 56, медициналық пункттер - 32, ФАП - 11.