2021 жылы Атырау облысының білім беру ұйымдарында іске асатын жоба - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «OTANLife» жобасы.
Мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді құрметтеу және сақтау сезімдерін қалыптастыру.
Жобаға қатысушылар: барлық білім беру ұйымдарының мектеп оқушылары, колледж студенттері, педагогтар, ата-аналар.
Жобаның толыққанды іске асу үшін жауапты комиссия құрамы тағайындалуы шарт: жоба жетекшісі, ата-аналар қоғамдық кеңесі, Аналар мектебі, Әкелер қоғамдық кеңесі, ұлдар, қыздар ұйымы, «Адал ұрпақ», әскери-патриоттық, еріктілер клубтары, «Жас Ұлан» ББЖҰ, «Мектеп инспекторының жас көмекшілері» ұйымы, т.б. мүдделі ұйымдар мен тұлғалар.