Меню

Страницы

Статья

Атырау балабақшасында алғаш рет инклюзивті қолдау кабинеті ашылды

 

Атыраудағы №29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Инклюзивті қолдау кабинеті» ашылды.
Жобаны облыстық Білім беру басқармасы, Атырау қалалық білім бөлімі, Әдістемелік орталығы және «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры бірлесіп жүзеге асырды.

Мақсат – ерекше білімді қажет ететін балалардың білім алуына, әлеуметтенуіне және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Мұнда логопед, психолог, дефектолог және емдік дене шынықтыру мамандары жұмыс істейді.

⁃ Бұл жерде балалар тек диагнозына қарай емес, ата-аналардың өтініші бойынша да қабылданып, мамандардың сүйемелдеуімен оқытылады. Жалпы өңірде 7914 ерекше бала бар, олардың 2507-і мектепке дейінгі жаста. Жаңа инклюзивті қолдау кабинетінің ашылуы ерекше қажеттіліктері бар балалардың толыққанды дамып, қоғамға бейімделуіне зор үлес қосады, - деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Лаура Меңдіғалиева.

Алдағы уақытта осындай кабинеттердің басқа да балабақшаларда ашылуы жоспарлануда.

Дата публикации
21 сентября 2025
Дата обновления
21 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 июня 2026
Конкурстық комиссияның шешімі
Ақпарат
29 мая 2026
Конкурстық комиссияның шешімі
30 марта 2026
«Келешек мектептері» – білімнің жаңа кеңістігі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы