Меню

Страницы

Статья

Атырауда тәрбие жұмысына қатысты кеңейтілген жиын өтті

Атырау қаласындағы "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынған №50 жалпы білім беретін орта мектепте облыстық білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысына жауапты қызметкерлерімен кеңейтілген аппараттық жиын өтті.

Жиынға облыс әкімдігі, білім беру және денсаулық сақтау басқармасы және полиция департаменті өкілдері, аудандық білім бөлімдерінің мамандары мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

 Көтерілген негізгі тақырыптар - ата-ана мен мектеп серіктестігі – сапалы тәрбиенің кепілі, қыз балалардың тәрбиесі және репродуктивті денсаулығы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Ұрпағыңмен мың жаса!» жобасы, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мектеп формасының талаптарын сақтау мәселесі. Жиында тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылау арқылы балалар мен жастар тәрбиесіне қатысты бірқатар ұсыныстар жасалды. Мақсат – мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу және жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру.

Дата публикации
21 сентября 2025
Дата обновления
21 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 июня 2026
Конкурстық комиссияның шешімі
Ақпарат
29 мая 2026
Конкурстық комиссияның шешімі
30 марта 2026
«Келешек мектептері» – білімнің жаңа кеңістігі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы