Атыраулық оқушы Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында күміс медальға ие болды. Үздіктердің қатарына іліккен Әбілмансұр Құрмет 9 сынып оқушысы. Айтуынша, бұл олимпиада жас дарындарға кәсіби тұрғыдан үлкен мүмкіндік беріп отыр. Одан бөлек, бұл сайыста Қазақстан қоржыны 3 қола медальмен толыққан. Дарынды оқушыны жақындары мен ұстаздары әуежайдан бар сән-салтанатымен қарсы алды. Жалпы Болгарияда өткен білім сайысына 30 елден 100-ден аса жас бағдарламашы қатысқан. Олар бағдарламалау мен алгоритмдік есептерді шешу бойынша бақ сынаған.