Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке Исатай ауданының білім саласында атқарылған жұмыстар туралы мәселесі бойынша облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова және Исатай ауданы білім беру бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева қатысты.
Ауданда 15 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 10 орта, 1 негізгі, 4 бастауыш мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады. Мектептерге жай жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандағы 15 мектепте, 12 бөбекжай-бақшада, 3 балалар саз мектебінде, аудандық оқушылар үйінде, «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубында, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде сәйкесінше жылыту маусымына дайындық жұмыстар жүргізілді. Санитарлық залалсыздандыру құралдарымен қамтылған.
2020 жылы 10 орта, 4 бастауыш мектепке ішкі әжетханаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. IT кабинеттері (Жамбыл, Томан, Қызылүй), биология кабинеті (Қызылүй), робототехника кабинеті (Ж.Мырзағалиев ОМ) алынды.
15 мектеп қосымша бейнекамералармен толықтырылды, қазіргі уақытта - 100% қамтылған.
Мектеп оқушылары оқулықтар және әдістемелік кешендермен толықтай қамтамасыз етілді.
Мектептерде қашықтықтан оқытуды жүргізуге BilimLand платформасының OnlineMekten.org модулін пайдалануда.
Қашықтықтан оқыту бойынша туындаған сұрақтарға уақтылы жауап беру және мәселелерді жедел шешу мақсатында аудандық білім бөлімінде және Сall-орталықтары ұйымдастырылып, 40-тан астам қызметкер жұмыс жасайды.
Былтырғы оқу жылында 5315 оқушы, 311 сынып комплектісі болса, жаңа 2020-2021 оқу жылы бойынша 5449 оқушы, 314 сынып комплектісі.
1 сыныпқа келген 602 оқушы электронды қабылданды.
Ауданның 11 мектебінде 1-4 сыныптардағы 2432 оқушының 115 кезекші топта 1517 оқушы (62,4 %) оқытылады.
Штаттық режимдегі 4 мектепте (Қызылүй негізгі, Томан, Жасқайрат, Жаңа Жанбай бастауыш) 71 оқушы (3,0 %) оқытылады. 844 оқушы (32 пайыз) онлайн білім алуда.
Жалпы 1-11 сыныптарда 5450 оқушы: штаттық режимде – 88 (1,6 %), онлайн – 3845 (70,5%), оффлайн –1517 (27,8%) оқушы білім алуда.
Аудан бойынша 12 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 65 топ, 1381 бала қабылданды. Оның ішінде – 53 кезекші топ, 12 мектептің жанында - 16 шағын орталық. Мектептер жанындағы 33 мектепалды даярлық сыныптарындағы 522 баланы қосқанда мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен, оқытумен қамту 82,3% көрсетті.
1-6 жас бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамту – 82,3%, 3-6 жас - 100%.
Кезекші сыныптарда 115 мұғалім, балабақшаларда 182 тәрбиеші сабақ береді.
Аудан бойынша 669 пән мұғалімдерінің курстан өткені - 638, 95,2%.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша ауданның 500 педагогы онлайн курстарынан (75,0 %) өтті.
Аудан бойынша оқушылардың компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі бойынша: компьютерлері жоқ оқушыларға білім беру ұйымдарының балансындағы компьютер мен планшеттер уақытша пайдалануға қайтарыммен берілсе, облыстық білім беру басқармасы арқылы алынған 240 планшет, 199 компьютер, 1110 ноутбук мектеп есебіне беріліп, оқушыларға таратылды.
Аудандық білім бөлімнің сайтында қашықтықтан оқытуға байланысты қосымша бет ашылып, әдістемелік нұсқаулықтар, ұсынымдар, жадынамалар орналастырылды. Жалпы орта білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды іске асыру бойынша қадамдық нұсқаулықтар таратылды. Аудан мұғалімдері және ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында atameken.kz порталына мектептердегі әлсіз топтағы отбасынан 816 бала өз қажеттіліктеріне көмек алуға тіркелді.
Міндетті оқу қорынан бөлінген әлеуметтік қолдаудағы 507 балаға - киім, 100 балаға - роутер, 295 балаға қаржылай көмектер берілді.
Демеуші мекемелер мен жеке кәсіпкерлер арқылы 680 балаға қаржылай көмек, 138 дана ноутбук, 103 дана планшет берілді.
Аудан мектептерінде 2020-2021 оқу жылында - 786 педагог, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде - 205 тәрбиеші, қосымша білім беру ұйымдарында - 67 педагог, түзеу кабинетінде 12 педагог қызмет атқаратуда.
Қазіргі уақытта аудан педагогтары 15 жас маманмен толықтырылды.
Ерекше білімді қажет ететін үйден оқитын оқушылар саны – 21, арнаулы сынып оқушылары саны – 46, инклюзивті оқытылатын оқушылар саны – 30.
Аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің есебінде 103 бала. Мамандар жұмыс орындарында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, Кабинетке келіп отырған 65 балаға және онлайн 38 балаға түзеу жұмыстарын жүргізуде.
Жазғы демалыспен аудан бойынша 2360 оқушы, 45,0% қамтылды.
Аудан бойынша қосымша біліммен қамту – 1553 бала, 29%.
Қазіргі кезде ПБ-да кәмелеттік жасқа толмаған 2 бала есепте тұр.
Білім беру ұйымдарында сенім телефоны, сенім жәшігі жұмыстарының жүргізілуі бір жолға қойылған. Аудандық «Нарын таңы» газетіне, әлеуметтік желілерде сенім телефондары хабарландыру арқылы жарияланды.