«Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжай-бақшасы, «Айналайын» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың бірінші басшысы бос мемлекеттік бірінші басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

 «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжай-бақшасы, «Айналайын» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың  бірінші басшысы бос мемлекеттік бірінші  басшылары  лауазымдарына орналасуға  конкурс  туралы хабарландыру

Атырау облысы  Білім беру басқармасы

060010, Атырау  қаласы Айтеке би 77,

анықтама үшін телефондары/факс: 354327

e-mail:obl.bilim@atyrau.gov.kz,

 

  1. Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімі;
  2. Бос мемлекеттік білім беру ұйымдарының  бірінші  басшылары лауазымдарына  орналасуға  конкурс жариялайды;

3) Жылыой ауданы аумағында орналасқан. Білім беру ұйымдарының негізгі  қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжай-бақшасы, «Айналайын» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнындары;

4) Педагогтердің үлгілік  біліктілік  сипаттамаларымен бекітілген  бірінші басшы лауазымына  кандидатқа  қойылатын біліктілік  талаптары: 

 жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы;

осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

Лауазымдық міндеттері. нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады.

      Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.

      Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

      Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.

      Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

      Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.

      Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.

      Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.

      Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

      Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.

      Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.

      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.

      Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

6) Лауазымдық  жалақының  мөлшері:

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің қаулысына сәйкес   лауазымдық жалақының мөлшері белгіленеді.

7) Конкурс Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарының басшыларын  лауазымға  тағайындау қағидасында  көрсетілген мерзімдерден кейін, Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау  қаласы Әйтеке би,77 үй  ғимаратында өтеді.

8) Хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Атырау облысы  білім беру басқармасының Педагог кадрларды аттестаттау және басқару  бөлімі қабылдайды.

9) конкурсқа  қатысу үшін қажетті  құжаттар  тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:

 1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

  7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

 9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

 10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) түйіндеме;

12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

  Egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:

 1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото;

3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

 6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса);

7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST) сертификат;

8) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.

Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

10) Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

11) ақпаратты  нақтылау  үшін байланыс телефондары: 354327

Электрондық пошта obl.bilim@atyrau.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 апреля 2026