Атырау облысы Білім беру басқармасымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-5) тармақшасына сәйкес 2026 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту мақсатында «2026 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулы жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз.
Аталған қаулы жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15786163