Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы бағдарламасы аясында 2020 жылы Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты 2 білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу үшін 437 226,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Атырау қаласындағы облыстық арнайы мектеп-интернатты күрделі жөндеу үшін 120 232,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары толық аяқталды.
- Қызылқоға ауданы Сағыз ауылындағы Қызылқоға аграрлы–техникалық колледжін күрделі жөндеу үшін 316 994,0 мың теңге бөлінді, бүгінгі күні игерілгені 297 772,6 мың теңге, жұмыстары жыл сонына дейін аяқталады.