Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Бахытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста қаралған мәселелер: спорт және балалар алаңдарының жағдайларына мониторинг жасақтап, күтіп-ұстау (жөндеу жүргізу) жағдайлары бойынша қабылданған шаралар туралы; Полиция органдарының, наркологиялық диспансердің есебінде тұрған балалармен жүргізілетін шаралар кешеніне талдау туралы; Полиция органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандармен жүргізілетін медициналық есепке алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
Баяндамашылардың сөздерін қорытындылап, Комиссия төрайымы қаралған мәселелер бойынша бірнеше тапсырмалар берді: Балалар өміріне қауіп төндіру мүмкіндігін ескере отырып, жағдайы нашар күйде, тозығы жетіп бұзылған балалар ойын алаңқайларын, ойын кешендерін, әткеншектерді жаңарту бойынша шаралар қабылдау, полиция органдардың, наркологиялық диспансердің есебінде тұрған оқушылар картасын қайта зерделеу, білім бөлімі мен полиция бөлімі есебінде тұрған балаларды қадағалау, алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру бойынша біріккен жоспарын жасақтау, нарколог, психолог мамандарының жұмыстарын жандандыру, психологтардың жасөспірімдерге қатысты суицид мәселелері бойынша жұмыстарын жүйелеу, жасөспірімдер арасында ерте жүктілік бойынша статистикасын жасақтау; «Денсаулық» бағдарламасының мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сандық жүйеде бақылауға алу, балалар құқықтарын қорғау мақсатында сәйкесінше шаралар (пайда болған жағдайларда) қабылдау, т.б.