1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы барлық елдерге бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді өмірге енгізуді ұсынды. БҰҰ ел үкіметтеріне бұл күнді өз қалаулары бойынша кез келген датада атап өтуді ұсынды. Ал 1959 жылдың 20 қарашасы күні Ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамсымен 20 қараша күні «Өзін-өзі тану»: балаға арналған миссия атты Халықаралық форум (ZOOM арқылы) өтті.
Форумның мақсаты: гуманистік педагогика мен адамгершілік-рухани тәрбиенің «Өзін-өзі тану», мұғалімдердің балаларды тәрбиелеудегі ізгілік қөзқарастар саласындағы біліктіліктілігін арттыру идеяларын жүзеге асырудың озық тәжірибелерін тарату.
Форумға халықаралық сарапшылар, Министрліктің және Білім беру органдары мен барлық деңгейдегі ұйымдардың өкілдері қатысады.
Республикалық Халықаралық форумға Атырау облысы Білім беру басқармасынан 22 қатысушы (ZOOM арқылы) қосылды.
Облыстық әдістемелік кабинетінің Facebook. парақшасына Халықаралық форумның сілтемесі орналастырылды. Facebook парақшасы арқылы 600- өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты.