Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының №5-қосымшасына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 01.03.2023 №56 бұйрығы редакциясымен) Атырау облысы Білім беру басқармасының «Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 арнайы мектеп интернаты » коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды.
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) білім беру ұйымының әкімшілік аумағында орналасқан қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері-1 адам;
2) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері - кемінде 3 адам. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қамқоршылық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады;
3) жергілікті өкілдік органдарының өкілдері – 1 адам;
4) мемлекеттік органдардың өкілдері – 1 адам;
5) құқық қорғау органдарының өкілдері – 1 адам;
6) бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл (бар болса) – 1 адам;
7) республикалық немесе жергілікті қоғамдық кеңестің өкілі-1 адам;
8) Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы (бар болса) – 1 адам;
9) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
10) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1-2 адам;
11) тәрбиеленушілердің өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1 адам.
Құжаттар internat3@mail.ru электрондық поштасына 2025 жылдың 26 қыркүйекке дейін немесе «Атырау облысы Білім беру басқамасы» ММ қабылданады.