Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар Қағидаларға сәйкес мынадай құжаттарды электрондық форматта ұсынады:
1) Өтініш;
2) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дыбыстық хабарландыруды орналастыру схемасы;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес бастапқы аумақтық медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға жасалған шарт;
4) штат кестесінің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері.
Білімді басқару органы мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелері арқылы (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы) алынған мынадай құжаттардың болуы және жарамдылығы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады:
1) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық көмек (медициналық қызмет көрсету) көрсетуге арналған шарт болмаған жағдайда медициналық қызметке лицензия;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке (жалға алынған) тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
4) Ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Бұдан басқа, Қағидалардың 8-тармағына сәйкес шарттарды қамтамасыз еткен ұйымдар конкурсқа қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі – 2025 жылғы
22 қыркүйектен 26 қыркүйекке дейін (қоса алғанда).
Құжаттар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін obl.bilim@atyrau.gov.kz электрондық мекенжайы арқылы қабылданады.