Тамыз кеңесіндегі Облыстық білім беру басқармасының басшысы М.Әбуовтің баяндамасы

Құрметті Серік Жамбылұлы, Қаныбек Бекболатұлы,

қадірменді ардагерлер, әріптестер және қонақтар!

 

Облысымыздың білім саласында 701 білім беру ұйымдары қызмет атқаруда. Ондағы педагогтар саны 18 625.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағытында 156 мемлекеттік және 128 жеке меншік білім беру ұйымдары қызмет атқарады.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Атырау қаласында 2025 жылдың                     1 шілдесінен  бастап «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидаты бойыншаАтырау қаласының 171 мектепке дейінгі ұйымы (47 мемлекеттік және 124 жекеменшік)ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасына көшті.

Шілде-тамыз айларында 20126 ваучер бөлініп,нәтижесінде кезектілік 17 211-ден 5348-ге азайды.

          2025 жылға арналған Қадамдық жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жаңадан 810 орынды құрайтын 5 балабақшаның құрылысы арқылы және жекеменшік балабақшаларға қосымша мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы4200жаңа орын ашу жоспарлануда.

          Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру мақсатында «Беске дейін үлгер» және «Тілге бойлау» жобалары республикада сәтті іске асырылды. Бұл жобалар ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап облыстың мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаппай енгізіледі.

Орта білім беру бағыты бойынша 2024-2025 оқу жылында227 орта білім беру ұйымдарында 13 948 педагог қызмет атқарып, 152 849оқушы білім алды. Оның ішінде 1-ші сыныпқа 15 028 оқушы қабылданса, 2025-2026 оқу жылында бірінші сыныпқа 16 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарлануда.

Оқу жылының қорытындысымен 169 түлегіміз Алтын белгі иегері атанды. Үздік аттестатты 405 түлек және 9 сыныптар бойынша 825 оқушы иемденді.

Өткен оқу жылының қорытындысымен білім сапасы өзгеріссіз 58 пайыздеңгейінде болды.

Оқу жылының ішіндеоқушыларды кітап оқуға баулу, инженерлік білімді дамыту, функционалдық сауаттылық, шалғайдағы ауыл мектептерінде зертханалық жұмыстарды тиімді жүргізуцифрлық  жобалар іске асырылды. 

Мектеп басшыларының кәсіби әлеуетін дамытуға, басқарушы құрамдарын қайта даярлауға бағытталған «Атырау Jana мектебі», "Студент-оқушы" жобасы, «eData.kz» Жасанды интеллект жобасы іске асты. 

«Amansultan» білім беру платформасы, кітапхана процестерін автоматтандыратын "E-kitaphana"кешенді жүйесі іске қосылды.

Атырау қаласының 64 мектебінде Nazar жобасы іске асты. Нәтижесінде әдіскерлердің жұмыс өнімділігі 3 есеге артты.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында өткен оқу жылында 55 мектепте вариативтік шахмат сабағы енгізіліп, биылғы оқу жылында осы мектептер санын 100-ге жеткізу жоспарлануда.

Республикалық, халықаралық білім байқауларына қатысқан246 оқушының188-іжүлделі орындарға ие болып, өткен жылмен салыстырмалы түрде44 оқушыға артып отыр.

«Баршаға қол жетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының аясында2000 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Ендігі жылы мектептердің 2239 педагогі білімін жетілдіретін болады. Қазіргі уақытта641бастауыш сынып педагогі біліктіліктерін арттыруда. Нәтижесінде педагогтердің сапа құрамы көрсеткіші жыл сайын көтерілуде.

Жыл ішінде білім беру ұйымдарының 85 бос орыны бойынша 65 басшысы тағайындалды. Конкурс өткізу жаңа форматқа көшіп, ашықтық, адалдық, әділдік принциптерін ұстанады. Комиссияның құрамы тәуелсіз болу мақсатында төрағасы қоғамдық ұйымның жетекшісінен тағайындалып, конкурстың өту барысы тікелей эфирде трансляция жасалып, дауыс беру ашық түрде жүргізілді.

Жаңа оқу жылында кадрлық қозғалыстарға сай пайда болған 29 бос басшылық орындардың негізін мың көшбасшы жобасы аясында тағайындау жоспарлануда.

Реновация. 2025-2027 жылдары 57 172 орындық 97 мектептерге реновация жұмыстарынан өткізу жоспарланды (46 қалалық, 51 ауылдық жердегі мектептер). Оның ішінде 2025 жылы 9 мектеп жоспарланған (8 мектепте жүргізілуде, 1 мектептің ЖСҚ-ы дайын қаражаты сұратылуда). Бұл жұмыстарға толыққанды қаражат бөлінді (7 603 455,3 мың теңге). Жаңа оқу жылына дейін 4, жылдың соңына дейін 4 мектептің күрделі жөндеуі аяқталып, 1 мектептің жұмыстары ауыспалы болады. Нәтижесінде бұл мектептер материалдық базасы толықтай жаңартылған жаңа үлгідегі келешек мектептеріне теңестірілген білім ордаларына айналады.

Жаңғырту жұмыстары аясында 2025 жылы 25 мектеп 130 жаңа кабинетпен жабдықталды. Нәтижесінде 2021-2025 жылдары 128 мектептің асханалары, кітапханалары, пәндік кабинеттері жаңартылды.(1 304,0 млн. теңгеге)

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін қажетті жағдайлар жасау басты назарда.

 

2024 жылы желтоқсан айында жаңадан 2  психологиялық медициналық педагогикалық кеңес (Атырау қ., Құлсары қ.) және 1  психологиялық педагогикалық түзету кабинеті (Құлсары қ.) ашылды, инклюзиялық қолдау желісі кеңейтілді (50 мың балаға 1 ПМПК, жалпы саны 5, ППТК саны 9).

Оның ішінде Құлсары қаласынан «Самұрық қазына» АҚ қолдауымен психологиялық педагогикалық медициналық консультациясына жаңа 3 қабатты ғимарат қолданысқа берілді. Нәтижесінде осы ашылған ұйымдар қазіргі уақыттағы емдеу-сауықтыру кезектілігін азайтуда.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық педагогикалық қолдауға 300 балаға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады(194,0 млн.тг.).

         Білім беру ұйымдарында 28 инклюзивті қолдау кабинеттері жұмыс жасайды және осы жаңа оқу жылында 2 инклюзивті қолдау кабинеті ашылады.

        Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына сәйкес Атырау қаласынан аутизм орталығын ашу жоспарлануда.

Тағы бір маңызды  мәселе  – Тәрбие жұмысы. Биылғы оқу жылында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. 

Сонымен қатар, аталған тәрбие бағдарламасының бірыңғай дизайны 19 жаңадан салынып жатқан және жөндеуден өткізіліп жатқан мектептердің қабырғаларына орналастырылуда.

«Әлеуметтік әмиян» сервисін іске асыру мақсатында 176 білім беру ұйымына аппараттық бағдарламалық кешендер (Алақан) сатып алынып, турникеттермен интеграциялануда. Бұл жұмыстар баланың мектепке кіріп-шығуын қадағалау бағытында оң әсерін береді.

Жыл басында 60 штаттық бірлікпен Психологиялық қолдау орталығы ашылды. Орталықта психологтар, әлеуметтік педагогтер мен 24/7 сенім телефоны жұмыс жасайды. Оған кез келген ата-ана, педагог немесе оқушы жүгіне алады.

Сәуір-мамыр айларында «HR+» психологиялық педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі барлық мектептер мен колледждерде аппробациядан өтіп, оң нәтижесін берді. Биылғы оқу жылында жалғасын табатын болады. 

Балалардың жазғы демалысын, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Маусым айынан бастап өңірдегі барлық қосымша білім беру ұйымдары пилоттық негізде «Бір балаға – бір жолдама» деген қағидатпен ваучерлік жүйеге енгізілді. Жаңа жүйе балалардың қайталануларын болдырмай, қосымша үйірмемен қамтылатындардың санын арттыруға мүмкіндік беріп, кезектілікті жоюда.

Жазғы маусымда 135 мыңға жуық бала (93%) әр түрлі деңгейдегі лагерьлермен қамтылды. Былтырғы жылға қарағанда шамамен 13 мың балаға артып отыр. (Оған жергілікті бюджеттен 625 млн. теңге қаралды).  Басқармаға қатысты барлығы 3 лагерь  (1 жыл бойы, 2 кезеңдік) қызмет етеді.

Балаларға сапалы біліммен қатар, тәрбие беру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатса да, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық саны артуда. 7 ай қорытындысымен жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 64,4%-ға, 45-тен 74-ке өскен.

Балалардың құқығын қорғау бойынша облыстағы 274 688 баламен 1 бала құқығыжөніндегі уәкіл, 25 қамқоршылық және қорғаншылық мамандары жұмыс жасауда. 2025 жылы қамқоршылық және қорғаншылық мамандарының санын 57-ге жеткізу жоспарлануда.  (100%)

Буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасы өңірдің 9 мектебінде 738 мұғалім, 8420 баланың қатысуымен жүзеге асса, «Kiva» бағдарламасы 3 мектепке енгізіліп, 217 мұғалім, 2680 оқушыны қамтыды.

Техникалық және кәсіптік білім

Атырау облысында 24 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары жұмыс жасайды. Студент саны- 19 288.

1 – республикалық, 17 – мемлекеттік, 6 – жекеменшік колледж.

Өңірдің 17 колледжінде дуальді оқыту  жүйесі бойынша 2 028 студент 483 кәсіпорынның қатысуымен білім алуда. (2024 жылы 2840 студент).

          Алдағы оқу жылында 7 колледжде 34 кәсіпорын шефтік қолдау көрсетеді.   (2024 жылы 30 кәсіпорын).

Кәсіби стандарттарға сәйкес, 23 колледж 283 білім беру бағдарламаларын сараптамаға ұсынды.

Былтырғы оқу жылында 8 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылса, Биыл 10 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда (1 жартыжылдық бойынша 8 колледждің МТБ жаңартылды).

       Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 185 педагог кадрлары біліктілік арттыру курстарынан, 33 педагог және 4 студент  халықаралық тағылымдамадан өтті.

2024-2025 оқу жылында Worldskills республикалық чемпионатының 1-2 орын алған 2 студент ағымдағы жылдың қыркүйек айында EuroSkills Herning-2025  халықаралық чемпионатына қатысады.

Колледждер базасында 3 шағын кәсіпорын жұмыс жасауда.

Сұранысқа қажетті жаңа мамандықтар ашу үшін техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының  материалдық-техникалық базасы жасақталып,  мұғалімдерді қайта даярлаудан және біліктілік арттыру курстарынан өткізу жұмыстары жүруде.

Баяндамамды қорыта келе жаңа оқу жылында Сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, жоспарланған көрсеткіштер мен барлық маңызды тапсырмаларды бірлесіп атқаруға шақырамын. Жаңа замандағы білім беру облысымыздың білім саласында оң нәтиже беріп, тиісті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

 

Дата публикации
28 августа 2025