«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Атырау Энергетика және құрылыс колледжінде «Дастүр мен ғұрып» жобасы аясында «Қыз – ұлт келбеті» тақырыбында топ жетекшілер мен колледжіміздің қыз балаларының қатысуымен қашықтықтан дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Әдеп, қоғамдық орындарында мінез-құлық ережелері кеңінен талқыланды. Аға буын ұрпақтарының өкілдері қыз балаларға өз кеңестерін, беріп, қыз балалардың балалық шағындағы тәрбиесі зор екендігін, отбасы мүшелерінің өзара тығыз байланыста болып, әке мен ананың рөлінің маңыздылығына тоқтады.
Психолог мамандар іс-шараға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.