«Рухани жаңғыру» Бағдарламасы: «Ою-өрнек Party» шеберлік сыныбы

Исатай ауданы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектепте «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын іске асыру бойынша «Қыз – ұлт келбеті» тақырыбындағы апталық аясында 9 сынып оқушылары үшін «Ою-өрнек Party» шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

Бүгінде ұлттық дәстүрімізді жалғастырып, ою ойып, кесте төгіп, көрпе жасап жүрген жандардың бірі, ауылдағы өнегелі отбасындағы немерелерінің сүйікті әжесі Өсила Досқалиқызымен кездесу өткізілсе, кейін ZOOM бағдарламасы арқылы қыз оқушыларға таныстырылым жасалды.

Шара барысында қыз оқушылар ұлттық өнердің қыры мен сыры туралы Өсила әжеміздің ой-пікірін тыңдады. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрін дамытуда өзіндік үлес қосып, өткеннің өнегесін бүгінгі ұрпаққа жеткізген осындай көнекөз әжелерімізбен кездесулер өскелең ұрапқты тәрбиелеуде маңызы өте зор.

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасы: «Ою-өрнек Party» шеберлік сыныбы
Дата публикации
10 ноября 2020