2020 жылғы 21 қазан күні облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Осы отырыста қаралған мәселелер: Полиция органдарында есепте тұрған балалармен жүргізілген жұмыс, медициналық-әлеуметтік есепке алуды ұйымдастыру мәселесі туралы; Кәмелетке толмағандар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданудың профилактикасы бойынша, психикалық денсаулық қызметінің 2020 жыл кезеңіндегі қызметі туралы; Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың салауатты өмір салтын ұстанымын ұстауға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасаудағы атқарылған жұмыстар туралы.
Комиссия төрайымы Бахытгүл Хаменова қаралған мәселелер бойынша бірнеше тапсырмалар берді: Полиция органдарында есебінде тұрған балалармен кешенді профилактикалық шараларды ұйымдастыру жұмыстарын назарда ұстау және олардың тұрақты мекен-жайларының жағдайларын зерделеу мақсатында рейдтік жұмыстар ұйымдастыру, осы санаттағы тілек білдірушілердің ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдерін қатыстыра отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу және медициналық есепке алу бойынша жұмыстар ұйымдастыру; кәмелетке толмағандардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жұмыстарды жалғастыру, тәрбиелік жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс әкімдігінің барлық басқармаларымен бірлескен қысқа мерзімді жоспар жасақтап, іске асыру; Білім беру ұйымдарында «қауіпті топ» санатындағы оқушылардың интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстарын жүргізу; спорт, балалар алаңдарының жағдайларына мониторинг жасақтап, күтіп-ұстау (жөндеу жүргізу) жағдайларына бойынша пәрменді шаралар қабылдау, балалар туризмін дамыту шаралар кешенін жасақтау; олыстық ұлттық спорт түрлері клубына балалардың көптен қамтылуына жағдай жасау, т.б.