«Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №001-4 қаулысын орындау бойынша ақпарат

«Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №001-4 қаулысын орындау мақсатында қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары және облыстық білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен жиналыста талқыланып, қатаң орындау қажеттігі жөнінде тапсырма беріліп, бақылауға алынды.

Сондай-ақ уақтылы ден қою және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталғандардың тікелей басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту қажеттігі жөнінде де орындауға қатаң тапсырма берілді.

Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп келеді.

Білім басқармалары мен бөлімдерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін жыл сайын ақша жинамау туралы Басқарманың бұйрығы шығарылып, оқу орындарына жолданады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын-алу бойынша қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Аталған жоба өңіріміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі.

 «Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары өздерінің бюджеттері туралы мәліметтерді толықтай жариялады.

Сонымен қатар, жыл сайын облыс әкімдігінің сайтына білім беру мекемелерін қаржыландыру туралы толық ақпарат жарияланып отырады.

Олқылықтарды, дискрециялық және сыбайлас жемқорлық нормаларын жою үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін қайта қарап, сондай-ақ орта білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттарының тізбесін қысқарту бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері алынып тасталды.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру жүйесін автоматтандыру» жүйесіне бүгінгі күні облыста 147 мемлекеттік балабақшаның 141-і қосылған.  Қалған 6 балабақша - санаторлық типтегі балабақшалар. Бұл балабақшаларға балаларды орналастыру фтизиатр мамандары арқылы жіберілетіндіктен, автоматтандырылған жүйеге кірмейді. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған 39 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар аталған жүйеге қосылған. Сұратылатын құжаттар тізбесі азайтылған.

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге, олардың бойында адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде.

Жыл сайын жоспарға сәйкес «Жастар - жемқорлыққа қарсы» облыстық театрландырылған көріністер байқауының, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті,  «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы, «Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» облыстық жобалар байқауы өткізіледі. 

Жылдан жылға байқауға қатысушылардың жұмыстар деңгейі көтеріліп, дайындықтарына жауапкершілік жоғарылағаны байқалады.

Облыстық білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің басшылығы мен жеке құрамдарының қатысуымен білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, оқушылармен «Адалдық сағаты» кездесу өтті.Өткен шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілерге жарияланды.

Оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру мақсатында ғимараттың адам көп шоғырланатын жерлеріне, қабырға газеттеріне, басқа да ақпарат құралдарына, түрлі брошюралар арқылы насихаттау жұмыстары үнемі жүргізіледі.

Білім бөлімдерінің, мектеп, колледждер дәліздерінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы ақпараты бар стенд орнатылған.

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменттінің өкілдерінің қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.        

Оқушылар мен жастарды парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында оқу орындарында «Адалдық дүкені» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды.

Облыс колледждерінде жыл басында «Адалдық сағаты» Республикалық акциясы аясында «Парасаттылық, Әділдік, Шынайылық» тақырып бойынша іс-шаралар өткізілді.

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізлген іс-шараларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің, Атырау облысы Дін істер басқармасының Ақпараттық талдау орталығының, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қорының өкілдері қатысып, түсіндірме жұмыстар жүргізді. Студенттер мамандардан өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Қазіргі жағдайға байланысты осы бағыттағы іс-шаралар онлайн түрінде өткізіліп, әлеуеттік желілерге жариялануда.

«Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №001-4 қаулысын орындау мақсатында қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары және облыстық білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен жиналыста талқыланып, қатаң орындау қажеттігі жөнінде тапсырма беріліп, бақылауға алынды. Сондай-ақ уақтылы ден қою және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталғандардың тікелей басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту қажеттігі жөнінде де орындауға қатаң тапсырма берілді. Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Білім басқармалары мен бөлімдерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін жыл сайын ақша жинамау туралы Басқарманың бұйрығы шығарылып, оқу орындарына жолданады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын-алу бойынша қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба өңіріміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі. «Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары өздерінің бюджеттері туралы мәліметтерді толықтай жариялады. Сонымен қатар, жыл сайын облыс әкімдігінің сайтына білім беру мекемелерін қаржыландыру туралы толық ақпарат жарияланып отырады. Олқылықтарды, дискрециялық және сыбайлас жемқорлық нормаларын жою үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін қайта қарап, сондай-ақ орта білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттарының тізбесін қысқарту бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері алынып тасталды. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру жүйесін автоматтандыру» жүйесіне бүгінгі күні облыста 147 мемлекеттік балабақшаның 141-і қосылған. Қалған 6 балабақша - санаторлық типтегі балабақшалар. Бұл балабақшаларға балаларды орналастыру фтизиатр мамандары арқылы жіберілетіндіктен, автоматтандырылған жүйеге кірмейді. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған 39 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар аталған жүйеге қосылған. Сұратылатын құжаттар тізбесі азайтылған. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге, олардың бойында адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Жыл сайын жоспарға сәйкес «Жастар - жемқорлыққа қарсы» облыстық театрландырылған көріністер байқауының, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті, «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы, «Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» облыстық жобалар байқауы өткізіледі. Жылдан жылға байқауға қатысушылардың жұмыстар деңгейі көтеріліп, дайындықтарына жауапкершілік жоғарылағаны байқалады. Облыстық білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің басшылығы мен жеке құрамдарының қатысуымен білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, оқушылармен «Адалдық сағаты» кездесу өтті.Өткен шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілерге жарияланды. Оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру мақсатында ғимараттың адам көп шоғырланатын жерлеріне, қабырға газеттеріне, басқа да ақпарат құралдарына, түрлі брошюралар арқылы насихаттау жұмыстары үнемі жүргізіледі. Білім бөлімдерінің, мектеп, колледждер дәліздерінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы ақпараты бар стенд орнатылған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменттінің өкілдерінің қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқушылар мен жастарды парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында оқу орындарында «Адалдық дүкені» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Облыс колледждерінде жыл басында «Адалдық сағаты» Республикалық акциясы аясында «Парасаттылық, Әділдік, Шынайылық» тақырып бойынша іс-шаралар өткізілді. Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізлген іс-шараларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің, Атырау облысы Дін істер басқармасының Ақпараттық талдау орталығының, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қорының өкілдері қатысып, түсіндірме жұмыстар жүргізді. Студенттер мамандардан өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Қазіргі жағдайға байланысты осы бағыттағы іс-шаралар онлайн түрінде өткізіліп, әлеуеттік желілерге жариялануда.
Дата публикации
23 октября 2020