«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру»

Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 наурызда № 13487 болып тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 46-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.10.2018 № 581 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

       1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

       2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

       3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

       4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кәсәптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының назарына жеткізілсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

       "КЕЛІСІЛДІ"  

       Қазақстан Республикасы  

       Ауыл шаруашылығы министрлігі  

       _____________________ А. Мамытбеков  

      15 ақпан 2016 ж.

       "КЕЛІСІЛДІ"  

       Қазақстан Республикасы  

       Денсаулық сақтау және әлеуметтік  

       даму министрлігі  

       _____________________ Т. Дүйсенова  

      17 ақпан 2016 ж.

       "КЕЛІСІЛДІ"  

       Қазақстан Республикасы  

       Мәдениет және спорт министрлігі  

       _____________________ А. Мұхамедиұлы  

      19 ақпан 2016 ж.



Дата публикации
22 октября 2020