«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған 2024-2025 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
- «Атырау облысы Білім беру басқармасы» және «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.