«Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28586 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

          көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.  

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Дата публикации
31 января 2024