«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
- «Атырау облысы Білім беру басқармасы» және «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.К.Айдарбековке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.