Атырау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Бахытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерінің алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселе қаралды. Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерінің алдын-алу, суицидке ұмтылған балаларды өмірге қайта бейімдеу және оңалту жұмыстары бағытындағы облыстық суицидиологиялық кабинетінің жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы - облыстық Денсаулық сақтау басқармасының, «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» жобасының іске асыру бойынша қорытындылары туралы «Bilim Foundation» қоғамдық қорының ақпараттары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелеріне тапсырмалар берілді: - педагогтардың, ата-аналардың балаларда суицидтік мүмкін болатын белгілері, қауіп-қатер факторлары және бұл жағдайға әрекет ету жолдары туралы білімдерден хабарлар болуын арттыру шараларын алу;
- сенім телефоны бойынша кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу;
- емдеу сауықтыру мекемелерінде медико-психологиялық және алғашқы психиатриялық көмек көрсету кабинеттері қызметінің мониторингісін ұсыну;
- білім беру бөлімдеріндегі мектептің психологиялық қызметі бойынша әдіскерлер мен білім беру ұйымдарындағы мектеп психологтарының сапалық құрамы бойынша есебін дайындау;
- білім беру ұйымдарында психологтары кабинеттерінің болуы, жасақталуы бойынша ақпарат ұсыну.