Оқушыларға қосымша білім беру қызметі білім, мәдениет және спорт саласында көрсетіледі.
Білім беру саласында қосымша білім беру ұйымдарына құжат қабылдау қызметі автоматтандырылған.
e-gyzmetter.kz порталына жеке ЭЦП кілтімен кіре отырып, ата-ана облыстағы қосымша білім беру ұйымдары туралы мәлімет ала алады. Мекемелердің сілтемесі арқылы үйірмелер, педагогтар, сабақ кестесі, жетістіктерімен танысады.
Бұл қызмет ата-ана үшін тиімді және қолайлы.
Спорт саласында қосымша білім беру секцияларға artsport.edu.kz сайты арқылы тіркеле аласыз, мәдениет саласындағы үйірмелерге 8701 434 41 10, 8702 565 55 42 телефондар арқылы байланысып, ақпарат ала аласыз.