Жаз мезгілінде оқушыларды суға жүзуге үйрету бойынша Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығымен Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп оқушылар арасында «Жас құтқарушы» слеті өткізілді. 29-30 маусым күндері аралығында Атырау облысы Төтенше жағдайлар комитетінің «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің қалалық Сүңгірулік құтқару бөлімшесінде өтті. Слетке 40-қа жуық оқушы қамтылды. Оқушыларға судағы қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсету, суда жүзу, құтқару қызметін көрсету жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен жетекші мұғалімдерге, судағы қауіпсіздік шаралары бойынша брошюра қағаздары таратылды.