Мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге міндетті ережелер

        

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы                                 №202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң)                        48-бабының 6-тармағы негізінде Өтініш рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда берілген жағдайда рұқсатты беруге жауапты мемлекеттік орган өтінішті тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізуге тиіс.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 1-тармағы 1-тармақшасында «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті» деп көрсетілген.

Аталған Заңға сәйкес Мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің немесе мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағым оны тіркеген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды және 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге міндетті ережелер
Дата публикации
21 июля 2021