«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы

Патриоттық тәрбие беру мақсатында әскери-патриоттық клубтардың қызметін жандыру және үйлестіру жұмыстары жүргізіледі.

           Атырау облысының білім беру ұйымдарында 183 мектеп (4 575 оқушы) және 21 колледж (525 студент) жанынан «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары жұмыс жасайды, онда 5 100 бала қамтылған.

           Әскери –патриоттық клубтарының арасында жылда 24 бағыттағы шаралар өткізіледі.

           2019 жылдан бастап облыста 14 «Жас сарбаз» сыныптары құрылған.

           Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында аймақтық әскери бөлім басшылығы және білім беру ұйымдарының арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасақталды.

        

Военно-патриотическое движение «Жас сарбаз»
Дата публикации
15 апреля 2021