Жадынама

Жазғы каникул кезінде суға шомылу қауіпсіздігі туралы
ата-аналар мен оқушыларға арналған

Ж А Д Ы Н А М А

 

 

         Бала қауіпсіздігіне салғырт қарау, соның ішінде суға шомылудың қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.

         Балалардың суға кету фактілерінің орын алуы алаңдатады.

         Жаздың басталуымен, өкінішке орай 4  бала суға кетіп, қаза тапты.

        

Ата-аналар мен оқушылар!

 

Есте сақтаңыздар!

 

         Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

         Келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін төмендегі ережелерді сақтаңыздар: 

         - балаларды ересектердің қарауынсыз су айдындары жағалауларында қалдырмаңыздар;
         - балаларға тек арнайы жабдықталған орындарда мен жерлерде ересектердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер;
         - балалар мен ересектерге үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады, себебі бұл үлкен қатерге әкеліп соғады және уақытылы көмек көрсетуге қиындық туғызады;

         - су айдындарында басқа да қауіпті жағдайлар туғызбаңыздар.
  

         Егерде су маңында қауіпті жағдай төніп, Сізге көмек қажет болса, «112» құтқару қызметінің телефонына жедел қоңырау шалыңыздар.

 

Құрметті ата-ана!

 

         Балаларымыздың өмірің сақтау үшін қауіпсіздік шараларын алуға шақырамыз.

 

         Баланы бақылауымыздан бір сәтке де көзден таса қалдырмайық!

         Өзіңізге және өзгелерге сақ болыңыздар!

 

Атырау облысы Білім беру басқармасы

Жадынама
Дата публикации
29 мая 2021