Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Бахытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста қаралған мәселелер:
1) Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың салауатты өмір салтын ұстанымын ұстауға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасаудағы атқарылған жұмыстар туралы,
2) Облыс көлеміндегі жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын-алу және оңалту жұмыстары туралы,
3) Балалардың әл-ауқаты индексінің жобасын таныстыру, оның индикаторларын талқылау,
4) Жаз мезгілінде оқушылардың қауіпсіздігі туралы.
Спорт мектептерінде 13 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен тегін түрде шұғылданса, оның 2384-ін қыздар құрайды. Волейбол, тоғызқұмалақ, таеквондо, дзюдо, баскетбол және карате спорт түрлеріне қыздардың қызығушылығы ерекше байқалады.
Қазіргі уақытта №1 Олимпиадалық резервке мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан 50-ден астам бала ескек есу спортымен шұғылдану үстінде.
Бүгінгі күні 9 спорттық клуб жұмыс жасайды. Онда жаттығушы балалар мен жасөспірімдер саны - 2573-ті құрайды.
Биыл клубтарда шұғылданушы балалар санын 1000-ға арттыру жоспарлану үстінде. Кәсіби спорттық клубтарда да тегін спортпен шұғылданушылар санын арттыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалардың әл-ауқаты индексінің жобасы.
Индексті енгізудің мақсаты – балалардың туылған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін әл-ауқатын қамтамасыз ету, балалардың әртүрлі салалардағы жағдайын жақсарту.
Индекске 7 домен, 16 компонент, 50-ден астам объективті және субъективті индикаторларды қосу ұсынылып отыр. Талқылау барысында ел үшін ең өзекті индикаторлар таңдалған, олар жалпы балалардың әл-ауқатында көрініс табады: балалардың лайықты өмір сүру жағдайларына, білімге, денсаулық сақтауға, инфрақұрылымға қол жеткізуі, зорлық-зомбылықтан қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қазақстанда индексті енгізу мемлекеттік органдарға балалардың әл-ауқатына байланысты мәселелерге, оның ішінде өңірлік бөліністе уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
Қазақстандықтар барлық индикаторлар бөлінісінде еліміздің кез келген елді мекенінің балалар игілігінің интерактивті картасы арқылы Индекс нәтижелерімен еркін қол жеткізе алады.
Индекс елімізде 2022 жылдан бастап енгізіліп, ағымдағы жылдың 2 жартыжылдығында сынақтан өткізіледі деп жоспарлануда.
Отырыс қорытындысы бойынша бірнеше тапсырмалар берілді:
- балалардың арасында ескек есу спорт түрін кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу;
- қыз балалардың спортқа деген қызығушылығын насихаттау, спорттық секцияларға көптеп тарту жұмыстарын жүргізу;
- Атырау қаласындағы спорттық федерацияларының қызметімен таныстыру мақсатында экскурсия өткізуді жоспарлап, спортшылармен кездесулер ұйымдастыру;
- учаскелік полиция қызметкерлері және Бастапқы психикалық денсаулық орталықтарының нарколог-мамандарының бірлескен рейдтік іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету;
- Балалардың әл-ауқаты индексі жобасының индикаторларына ұсыныстар беру;
- жаз мезгілінде бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық қажетті шараларды жан-жақты қабылдау;
- бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті ақпараттарды БАҚ, әлеуметтік желілерінде кеңінен жариялауды қамтамасыз ету.