«Үздік педагог» конкурсы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес жүргізіледі.
Конкурстың ІI кезеңіне қатысу үшін электрондық форматта қабылданатын құжаттар мен материалдар:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) Білім бөлімінің басшысы растаған педагогке арналған ұсыныс;
3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Білім бөлімінің Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;
6) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары;
7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);
8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.
9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.