Есептік кездесу

«Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы «Нұрбастау» БПҰ-ның есептік кездесуі онлайн форматта өтті.

Онлайн кездесуге «Нұрбастау» бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық Білім беру басқармасының басшысы, Сатқан Есенғалиев, Атырау облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Бағыт Шеркешбаева және партия мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе - 2019-2020 жылдар аралығындағы «Нұрбастау» Бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстары туралы мәселе бойынша «Нұрбастау» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сатқан Есенгалиевтің есебі тыңдалды. Сонымен қатар, Сатқан Ыбырайұлы алға қойылған міндеттер туралы да айтып өтті.

Жиынға қатысқан Атырау облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Бағыт Шеркешбаева өз кезегінде «Нұрбастау» бастауыш партия ұйымы топтарының жұмысына, атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп атап өтті.

Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес БПҰ-ның төрағасы, орынбасары мен жауапты хатшысы сайланып, бюро мүшелері бекітілді.

«Нұрбастау» БПҰ атынан «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды

Отчетная встреча
Дата публикации
04 мая 2021