Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезектен тыс отырысы туралы, 2021 ж. 19 сәуір
Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Бахытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, соның ішінде сексуалдық іс-әрекеттерді болдырмау және алдын алу туралы» мәселесі қаралды.
Облыс аумағында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын-алу мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан жүйелі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың 3 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 55,0% (20-дан 9-ға) төмендеді.
Атырау облысы бойынша 2019-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын-алу және профилактикасының ведомствоаралық жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында апталықтар, акциялар жоспарға сәйкес өткізілуде.
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында гендерлік саясат бойынша 3 жоба, соның ішінде 1-уі «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ақпараттық құқықтық түсіндіру» тақырыбымен жариялануда.
Алайда, Полиция департаментінің мәліметтеріне сәйкес жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстардың саны өсіп отыр.
Отырыс қорытындысы бойынша жасөспірімдерге қарсы жасалынып жатырған қылмыстардың, оның ішінде жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында бірнеше тапсырмалар берілді:
- кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қатыгездіктің, тұрмыстық, сексуалдық сипаттағы, т.б. зорлық-зомбылықтың орын алған немесе қауіп төнген жағдайда бірден құзырлы органдарға хабарласу қажеттілігі туралы ақпаратты халық арасында кеңінен тарату;
- жергілікті телеарналарда құзырлы органдары мамандарының қатысуымен елде болып жатырған жағдайлармен бөлісіп, сексуалдық сипаттағы жағдайдағы қылмыстардың отбасында орын алып жатырғанын хабардар етіп, құқықтық сауаттылығын арттыруды ұйымдастыру;
- балалардың бақылаусыз қалмауының алдын алу мәселесіне назар аудару; .
- барлық аудан, ауылдарда халықпен, жұмыс беруші мекемелер арасында тұрмыстық, күш көрсету зорлығы, психологиялық зорлық, сексуалдық, экономикалық зорлық-зомбылық түрлері бойынша ұжымдық кездесулер өткізу.
- аталған тапсырмаларды бірлесіп орындау үшін үкіметтік емес ұйымдардын кеңінен тарту.