Өңірлік коммуникациялар қызметінде: жаңа қаулының білім саласы талаптарына сәйкес түсінік жұмыстары

Өңірлік коммуникациялар қызметінде 15 сәуір күні Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 наурыздағы №5 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты өткен брифингке Облыстық білім беру басқармасының басшысы Есенғалиев Сатқан Ыбырайұлы және қалалық білім беру бөлімінің басшысы Шангереева Фаруза Ғарифуллақызы қатысты.

Сатқан Ыбырайұлы жаңа құжаттың білім беру саласына қатысты талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оффлайн оқытуға тыйым салынғандығы (тек қана онлайн форматта рұқсат етіледі);  жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық сыныптары оқушыларын, 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас форматта оффлайн оқытуға тыйым салынғандығы туралы түсінік берді.

Дәстүрлі форматтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 15 адамға дейін оқыту; оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын - штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқыту (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту санитариялық-дезинфекциялық және бетперде кию режимін сақтау) бойынша білім беру саласында іс-шаралар қабылдануда.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде: жаңа қаулының білім саласы талаптарына сәйкес түсінік жұмыстары
Дата публикации
16 апреля 2021