Атырау облысы білім беру ұйымдарында өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасылар үшін көмек орталығы құрылды.
Мұндағы мақсат - өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық-педагогикалық қолдау, көмек көрсету. Мамандардың жұмыстары балалар мен жасөспірімдердің күйзелген және суициалды көңіл күйлерінің алдын алуға, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасын нығайтуға көмек көрсетуге бағытталған.
Облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дюсекенова онлайн форматындағы кездесу барысында осы Орталықтың аясындағы жұмыстармен таныстырды. Біздің мақсатымыз балалардың кез келген мәселесіне шешім табу және оларды позитивті болашаққа бағыттау. Осы орайда облыстық білім беру ұйымдары, қалалық, аудандық білім беру бөлімдері кәмелетке толмағандардың өмірдің қиын жағдайына тап болған, зорлық-зомбылықтың құрбандығына ұшыраған фактілері белгілі болған жағдайда жедел түрде Білім беру басқармасына хабарлауы қажет.
Атырау облысы Білім беру басқармасы жанынан ашылған Call-орталық 8(122)270910, 8(7122)270392 сенім телефондары бойынша жұмыс істейді.