«Атырау қаласының білім мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту (10 жоба)» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптестерді айқындау жөніндегі конкурстарды өткізу туралы хабарлама

«Атырау қаласының білім мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту (10 жоба)» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптестерді айқындау жөніндегі конкурстарды өткізу туралы хабарлама

 

Мемлекеттің қатысу нысандары: ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 27 бабының,1 тармағының,2 тармақшасына сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру.

Конкурстарды ұйымдастырушының атауы: "Атырау облысы Білім Беру басқармасы" ММ.

Конкурстарды ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.

Конкурстарды өткізу күні, орны және уақыты: 2021 жылғы 14 мамыр, сағат 10-00 де , Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77 .

Жобалардың мақсаты: Атырау қаласының білім мекемелерінде оқушылардың тамақтану сапасын жақсарту.

Жекеше әріптестерді айқындау тәсілі: екі кезеңді рәсімдердің қолданылуынсыз өткізілетін конкурс ("МЖӘ туралы" ҚР Заңының 35-бабы).

Жобаларды іске асырудың басталу мерзімі: 2022 жыл.

МЖӘ шарттарының жалпы мерзімі –  5 жыл. 

 

№

МЖӘ жобаларының атауы

МЖӘ жобаларының құны

1

«Атырау қаласының   «№13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназия» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту»

                 11 537 748  

2

«Атырау қаласының   «№16 Жапақ Қаражігітов атындағы мектеп-лицей» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту»

                 10 366 841  

3

«Атырау қаласының   «№17 мектеп-лицей» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту»

                 15 261 634  

4

«Атырау қаласының   «№20 А.Пушкин атындағы мектеп-лицей» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту»

                   8 333 650  

5

«Атырау қаласының   «№22 Әлия Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту»

                   8 803 494  

6

«Атырау қаласының   «№24 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту»

                   3 001 086  

7

«Атырау қаласының   «№25 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту»

                   9 908 178  

8

«Атырау қаласының   «№26 С.Датов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту»

                   3 333 742  

9

«Атырау қаласының   «№27 И.Тайманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту»

                 13 660 381  

10

«Атырау қаласының   «№31 мектеп-гимназия» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту»

                   9 795 691  

 

МЖӘ жобаларының негізгі параметрлері мен талаптары:

Аталмыш Жобалар Атырау қаласының білім мекемелеріндегі асханалардағы тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік және Жекеше әріптестер арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көздейді.

Жобалар шеңберінде асханаларды Жекеше әріптестерге өтеусіз пайдалануға беру жоспарлануда, ал жекеше әріптестер білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу арқылы ағымдағы жөндеу жүргізу, санитарлық, өртке қарсы және құрылыс нормалары мен ұсыныстарын ескере отырып жоқ жабдықтарды, жиһазды, мүкәммалды сатып алу және/немесе тозған жабдықтарды жаңа энергия үнемдейтін жабдықтарға ауыстыру арқылы мектеп асханаларында жаңғырту жұмыстарын орындауға міндеттеледі. МЖӘ шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жекеше әріптестер жаңғыртылған асханаларды, сатып алынған жабдықты, жиһаз бен мүкәммалды Қалалық білім бөлімінің меншігіне береді, ал Қалалық білім бөлімі оларды мектептердің балансына береді.

Байланыстағы тұлғалар:

  • «Атырау облыстық білім беру басқармасы» ММ бюджеттік жоспарлау және жобалық басқару бөлімінің бас маманы Жардемов Диас .

           Жұмыс тел.: 8 (7122) 27-09-41, 8 (707) 795 04 05.

  • «Атырау Innovations» ЖШС-нде МЖӘ жобалары бойынша менеджер Еділбаева Назерке Сәлімгерейқызы

Жұмыс тел.: 8 (701) 322 08 65. E-mail: atyrauppp@mail.ru

 

 

«Атырау қаласының білім мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту (10 жоба)» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптестерді айқындау жөніндегі конкурстарды өткізу туралы хабарлама
Дата публикации
14 апреля 2021