«Атырау қаласының білім мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту (5 жоба)» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптестерді айқындау жөніндегі қайталама конкурстарды өткізу туралы хабарлама
Мемлекеттің қатысу нысандары: ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 27 бабының,1 тармағының,2 тармақшасына сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру.
Конкурстарды ұйымдастырушының атауы: "Атырау облысы Білім Беру басқармасы" ММ.
Конкурстарды ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.
Конкурстарды өткізу күні, орны және уақыты: 2021 жылғы 30 сәуір, сағат 10-00 де , Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77 .
Жобалардың мақсаты: Атырау қаласының білім мекемелерінде оқушылардың тамақтану сапасын жақсарту.
Жекеше әріптестерді айқындау тәсілі: екі кезеңді рәсімдердің қолданылуынсыз өткізілетін конкурс ("МЖӘ туралы" ҚР Заңының 35-бабы).
Жобаларды іске асырудың басталу мерзімі: 2022 жыл.
МЖӘ шарттарының жалпы мерзімі – 5 жыл.
|
№ |
МЖӘ жобаларының атауы |
МЖӘ жобаларының құны |
|
1 |
«Атырау қаласының «Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту» |
14 566 450 |
|
2 |
«Атырау қаласының «№4 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту» |
18 939 272 |
|
3 |
«Атырау қаласының «№10 С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту» |
8 518 144 |
|
4 |
«Атырау қаласының «№11 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту» |
12 175 846 |
|
5 |
«Атырау қаласының «№12 Ф.Досымова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ тамақтандыруды ұйымдастыруды жаңғырту» |
9 208 040 |
МЖӘ жобаларының негізгі параметрлері мен талаптары:
Аталмыш Жобалар Атырау қаласының білім мекемелеріндегі асханалардағы тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік және Жекеше әріптестер арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көздейді.
Жобалар шеңберінде асханаларды Жекеше әріптестерге өтеусіз пайдалануға беру жоспарлануда, ал жекеше әріптестер білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу арқылы ағымдағы жөндеу жүргізу, санитарлық, өртке қарсы және құрылыс нормалары мен ұсыныстарын ескере отырып жоқ жабдықтарды, жиһазды, мүкәммалды сатып алу және/немесе тозған жабдықтарды жаңа энергия үнемдейтін жабдықтарға ауыстыру арқылы мектеп асханаларында жаңғырту жұмыстарын орындауға міндеттеледі. МЖӘ шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жекеше әріптестер жаңғыртылған асханаларды, сатып алынған жабдықты, жиһаз бен мүкәммалды Қалалық білім бөлімінің меншігіне береді, ал Қалалық білім бөлімі оларды мектептердің балансына береді.
Байланыстағы тұлғалар:
Жұмыс тел.: 8 (7122) 27-09-41, 8 (707) 795 04 05.
Жұмыс тел.: 8 (701) 322 08 65. E-mail: atyrauppp@mail.ru