Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Бахытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста қаралған мәселелер: ерте жастан жүктіліктің алдын-алу және қыздар тәрбиесі бойынша атқарылған жұмыстар; кәмелеттік жасқа толмаған балалардың салауатты өмір салтын ұстанымын ұстауға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасаудағы атқарылған жұмыстар туралы.
Білім беру мекемелерінде құрылған «Қыздар кеңесінің» көшбасшыларының «Аналар мектебі» төрайымдарымен бірлескен отырыстары, қыз тәрбиесі бойынша апталықтар, ата-аналар жиындары, қыздар қоғамдық кеңестері арасында байқаулар, кеңес беру сағаттары өткізіледі. Өткен шаралар тоқсан сайын қорытындыланады.
Қыздармен өткізілетін шаралар сырласу кеші, ақпараттық алаң, он-лайн сабақтары, маманмен кеңесу, сауалнамалар жүргізу, тренингтер, бейнероликтер көріп, талқылау форматында өтеді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде арнайы конференциялар ашылып, кеңестер беріліп, проблемалар талқыланып отырады.
Денсаулық сақтау басқармасынан қыздардың тізімі алынып, оқу орындары бойынша мониторинг жүргізілді.
Жағдайлардың алдын алу бойынша жүріс-тұрысы көп, өрескел қылығымен көзге түскен, ата-анасы жиі іссапарада болатын, жайсыз отбасы, т.б «қауіпті топ» қыздар туралы мәлімет картасы жасақталды.
Білім беру басқармасының жанынан Әлеуметтік-құқықтық және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағытында рейфрейминг (медиа-қызметі) құрылды. Топтың құрамында Білім беру басқармасының өкілдері, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүддесін қорғау үшін педагогикалық, психологиялық, құқықтық білімдері бар жеке тұлғалар бар.
Топ өз қызметінде кәмелетке толмағандар және олардың ата-анасымен (заңды өкілдерімен) психологиялық зақымның салдары, балаға қажетті қосымша медициналық көмектер, шиеленіс жағдайлардан шығу жолдары туралы түсіндірме жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, Білім беру басқармасының өзінде 27 03 92 сенім телефоны қызмет атқарады.
Комиссияның отырысында қаралған мәселелер бойынша жауапты органдарға тапсырмалар берілді.