2020-2021 оқу жылында Атырау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарының барысы туралы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде 5 сәуір күні өткен брифинг барысында Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Байганинқызы Дюсекенова және Ұлттық тестілеу орталығы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі филиал басшысы Мухамбеталиев Есенжол Тәжіғалиұлы 2021 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Атырау облысы білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге жоспарлы дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Атырау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу 3 пунктте өткізу жоспарланған. Қазіргі кезде екі пунктте өткізілуде: Атырау қаласында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай газ университеті базасындағы тестілеу орталығы базасында және Құлсары қаласында. Құрманғазы ауданында тестілеу орнын ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. ҰБТ өткізу және ұйымдастыру мақсатында  санитарлық- эпидемиологиялық шаралардың сақталуы бойынша жергілікті жердегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің келісімі алынып, ҰБТ өткізу барысында медициналық қызметкерлерлердің жұмысын ұйымдастыру туралы Денсаулық сақтау басқармасына, Атырау облысы полиция департаментіне хаттар жолданып,  жұмыстар ұйымдастырылды. Тестілеу пункттері санитарлық талаптарға сай, қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған (маска, тепловизор, тоннель т.б.).

          Атырау облысындағы тестілеу пункттері бойынша Мемлекеттік комиссиялар құрылып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  бұйрығымен бекітілді. Сонымен қатар ҰБТ барысында «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілдері, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті және Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері де бақылауда.

2020-2021 оқу жылында облыс бойынша 5723 оқушы 11 сынып бітіргелі отыр, оның ішінде 4667 оқушы қазақ тілінде, 1056 оқушы орыс тілінде білім алуда. 

          Облыстың білім беру ұйымдарында ҰБТ бойынша ата-аналарға және оқушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді.

          Атырау облысында ағымдағы жылғы 15-ші наурыз бен 10-шы сәуір аралығында кезекті ақылы (компьютерлік тестілеу) ҰБТ тапсыру жүріп жатыр. Тапсырғандар саны - 3013 оқушы, алға қарай кезекті тест тапсырушылар саны - 1512 оқушы.

2020-2021 оқу жылында Атырау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарының барысы туралы
Дата публикации
09 апреля 2021