«DamuMed» мобильді қосымшасын жүктеп қолдану жөнінде түсінік жүргізу

Елбасымыз Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық құжаттарын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру туралы тапсырмасы бойынша  ашықтықты қамтамасыз ету және тұрғындардың уақытын үнемдеу мақсатында «DamuMed» мобильді қосымшасы әзірленді.

         Қосымшаның артықшылығы емделуші дәрі-дәрмектердің рецебін, зертханалық тексеру нәтижелерін көруге, ал бала науқастанған жағдайда дәрігердің қабылдауына жазылуға, еңбекке жарамсыздық парағын, білім беру мекемелері үшін анықтаманы емханаға бармай-ақ алуға болады.

        

«DamuMed» мобильді қосымшасын жүктеп қолдану жөнінде түсінік жүргізу
Дата публикации
31 марта 2021