Әр ата-ана баласының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерге демалу үшін жолдама бөлуді сұрау туралы өтініш бере алады.
«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» қызметі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады.
Атырау облысында қызметті e-gyzmetter.kz порталы арқылы алуға болады.
Республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығының Көкшетау және Қапшағай қаласындағы демалыс лагеріне жолдама бөлінеді.
Орталықтың талабы бойынша оқушы әр кезеңнің (ауысым) тақырыбына сәйкес оның жетістігі болған жағдайда ғана қатыса алады.
Орталықтарға оқушыларды жолдау тәртіптемесінде төмендегі талаптар қойылады:
- Республикалық орталықтарда бұрын демалмаған балалар қабылданбайды (бұрын барған баланың қабылданбайтындығын, кері қайтарылатындығын қаперлеріңізге береміз);
- «Балдәурен-Көкшетау» және «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық орталықтарына оқушылардың ауысымдардың тақырыптары бойынша жолдануы;
- балалардың жас ерекшелігі (сынып) мен оқыту тілдеріне қойылатын талаптарды орындау;
- балалардың медициналық сараптамадан тиянақты өткізу, орталықтарға қабылдауға рұқсат етілмейтін аурулар тізбесімен танысу.