Облыс әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында «Облыстағы жоғары оқу орындарында, колледждер мен мектептерде қашықтықтан оқыту жәйі туралы» мәселе қаралды.
Пандемияға байланысты облыстың білім беру ұйымдарында оқыту үрдісін қашықтықтан оқыту форматын ұйымдастыру және жүргізу барысы бойынша облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Ыбырайұлы Есенғалиев баяндады.
Бүгінде облыстың 197 мектебіндегі оқу үдерісі 4 бағытта ұйымдастырылуда:
- оқу үрдісін қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы бойынша 172 (оның 102 ауылдық жердегі ) мектепте - 86 175 (оның 32 431 ауылдық жерде ) оқушы;
- шалғайда орналасқан шағын жинақталған 24 (барлығы да ауылдық жерде орналасқан) мектепте штаттық режимде 1816 оқушы;
- 163 мектепте 1-4 сыныптар (кезекші сыныптардағы бала саны -28610, 47%) және 5 сыныптарда (кезекші сыныптардағы бала саны -7168, яғни 50,7%) барлығы - 35 778 оқушысын қамтитын 2629 кезекші сыныптар ашылды.
- 9 және 11 сыныптарда (9 сынып-6638, яғни 60%; 11 сынып-4090, яғни 71%;) барлығы -10728 бала, 65% аралас оқумен,
- сыныптарда сабақтан тыс уақытта артта қалған оқушыларды 5 адамнан аспайтын топтарда жеке оқытуға 1878 (376 топта) бала қамтылуда.
Облыс әкімдігінің қолдауымен қашықтан оқитын балаларға 15 246 мектеп компьютерлері қайтарымды келісімімен таратылып берілді.
Облысқа жергілікті бюджеттен 2159 дана компьютерлік техника, республикалық трансферт есебінен 22 463 компьютерлік техника (компьютер - 1 925, ноутбук – 18 039, планшет - 2 499) сатып алынып, білім беру ұйымдарына таратылды.
Үй жағдайында интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ 4535 балаға, яғни, 2976 отбасы үшін «Қазақтелеком» АҚ-мен бірге жұмыстары жүргізіліп, 3000 роутер сатып алынды.
«Біз қашықтан оқуды қолдаймыз» акция аясында 2020 жылы жеке кәсіпкерлер, түрлі қорлар 527 оқушыға смартфон, планшет, роутер, теледидарлар сыйға тартты.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметіне сәйкес, Атырау облысы бойынша интернет жылдамдығы төмен 47-мектептің 41-не жылдамдықты көтеру жұмыстары жүргізілді.
Облыста 197 (1- кешкі мектеп) мектептің 195-і (98,9%, интернет желісіне қосылмаған түзету мекемелері жанындағы 2 мектеп УГ-157/9, УГ-157/11) (69 қала, 126 ауылдық) кең жолақты интернет желісіне қосылған.
Қазіргі уақытта облыстың білім беру ұйымдары қашықтықтан білім беру жағдайында цифрлы білім ресурстарына және видео-стриминг ұйымдастыруға мүмкіндік беретін интернет платформаларымен жұмыс жасайды.
Облыста 183 мектеп (94,8%), (оның 62-і қалалық, 121-і ауылдық мектептер) «Күнделік» электронды журналдар ақпараттық жүйесіне, 3 мектеп «EduPage» жүйесіне қосылған (таңдау еркіне байланысты 9 мектеп журналды қағаз жүзінде толтыруда ).
Оқушылар мен ата-аналар оқушы үлгерімімен, үй тапсырмасымен онлайн түрде таныса алады. Қазіргі уақытта жүйеде 11 537 педагог, 134 838 оқушы, 78 993 ата-ана тіркелген. Жүйеде ата аналарға және оқушыларға арналған мобильдік қосымшалар жұмыс жасайды.
Облыстың 195 мектебі (98,9%) «Білім лэнд» инновациялық білім беру онлайн ресурсына қосылған (165 мектеп (83,5%)- онлайн, 30 мектеп (16,5 %) - оффлайн). «Білім лэнд» инновациялық білім беру онлайн ресурсы арқылы мұғалімдер 9669 рет интерактивті сабақтарды қолданған.
Қашықтан оқыту жағдайында ұстаздардың біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 196 іс-шара өткізіліп, оған облыстағы 21 418 педагог қамтылды.
Білім беру ұйымдарында білім сапасын көтеру, педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу жүргізу мақсатында: «Е-портфолио», «Жас ұстаз», «ӘдісTime», «Жетістік кластерлері», «Педагогтер қауымдастығы», «Кәсіби байқаулар» жобалары жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, 1-11 сыныптарға қолдануға ұсынылған барлық оқулықтардың электрондық нұсқаларын (ePub форматта) барлық білім беру ұйымдары қолдана алатындай жағдай жасалған.
Облыстағы білім сапасындағы олқылықтарды түзету мақсатында көптеген шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
Атырау облысы әкімі М.Досмұхамбетовтың қолдауымен "Атырау облысы бойынша білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы" жасақталды. Облыстың 9 бағытты дамыту бойынша жасақталған жол картасы халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып жасалған. Осы орайда өңірімізде қалалық және облыстық деңгейде екі «Мүмкіндіктер мектебін» ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар,
- 2020 - 2021 оқу жылының білім сапасын жақсартуға орай «Білім сапасын көтеру туралы іс-шаралар» жоспары жасақталды;
- Білім беру процесін зерттеу, SWOT талдау, зерделеу шаралары ұйымдастырылды;
- Педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға жағдай жасау үшін, білім сапасын көтеру мақсатында стратегиялық жоспар құрылды;
- Қалалық, аудандық білім бөлімдеріне мектеп бітірушілердің білім сапасын мониторингілеу, жетістікке жеткен тәжірибені тарату, пән мұғалімдерінің біліктілік санатын, еңбек өтілін ескеру, кемшіліктерді жою мақсатында тапсырмалар берілді.
Облыста дарынды балаларға қолдау мақсатында облыстық білім беру басқармасы жанынан «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы құрылып, барлық білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап мектеп, қосымша білім беру ұйымдары және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары) ғылыми-зертеу, танымдық, интеллектуалдық зерттеу іс-шараларын жоспарлы, өзара сабақтастық түрде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу жүзеге асуда.
Білім сапаның төмендігіне әсер етуші факторлардың бірі - өңірдегі мамандар жетіспеушілігі проблемасын шешу және мектептерді білікті мамандармен қамту мақсатында 2017 жылдан бері 4 жыл бойына 432 қажетті мамандарды даярлауға жергілікті бюджеттен гранттар бөлініп келеді. Алғашқы бітірушілер биылғы жылы облыс педагогтарының қатарын толықтыратын болады.
Облыста ерекше білімді қажет ететін балаларға үшін 12 түзету мекемесі (7 аудандағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 2 педагогикалық - психологиялық - медициналық консультациялар, оңалту орталығы, арнайы білім беретін 3 мектеп-интернат) жұмыс жасайды.
Үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен 7 инклюзивті қолдау кабинеттері (қамтылған бала саны - 49) және 52 арнайы педагог штаты ашылды.
Ерекше білімді қажет ететін (6653) балалар саны жыл сайын көбеюіне байланысты, тағы 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қажет.
Балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда, дегенмен балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша көмектің қажет ететіндігі байқалады.
Сондықтан, басқарма тарапынан Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыра отырып, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті күшейтудегі ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, қорғаншылық кеңестер жұмысын қадағалау, беделін көтеру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Пандемия жағдайында тәрбие жұмысы мектептердің, сыныптардың әлеуметтік желілері арқылы болса, ал облыс бойынша «Атырау-тәрбие-мектеп» инстаграмм және фейсбук парақшалары арқылы ұйымдастырылады.
Білім саласының өзекті мәселесінің бірі - апаттық жағдайдағы мектептер. 2020 жылдың басында облыста 5 апаттық жағдайдағы мектеп болды. 2020 жылдың қазан айында Атырау қаласы Жұмыскер ауылында 300 орындық Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп, қазіргі таңда апаттық мектеп саны – 4.
Атырау облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 9-да– Platonus, 6-да– EDUS, 6-де EduPage, білім платформаларын пайдалана отырып оқуды ұйымдастырылуда.
Қазіргі таңда, колледждерде -15 086 (күндізгі, сырттай) студент білім алуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 935 педагогы цифрлық сауаттылық бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен. Барлық педагогтар ақпараттық технологияны меңгерген.
Педагогтар үшін облыстық әдістемелік орталықтың қолдауымен 20 оқу-үйрету семинарлары, өзара тәжірибе алмасу конференциялары жүзеге асты. «Назарбаев зияткерлік мектептерінің Педагогикалық шеберлік орталығымен» бірлескен оқу-әдістемелік шаралар ұйымдастырылды. Қашықтықтан оқытуға дайындық барысында педагогтарға Zoom, Skype, Webex Meet және т.б. online платформаларды тиімді пайдалану бойынша семинарлар, оқыту-үйрету марафондары, шебер сыныптар өткізілді.
Педагогтар өз таңдауларымен "Googl classroom", "Quizizz" оқыту платформаларымен жұмыс жасауда. Білім беру үдерісі Bilimland.kz, Platonus, sabak.kz, aitube.kz, Daryn.online.kz, Moodle, Opiq.kz интернет-ресурстарын пайдалану және педагогтардың жеке жұмыстары арқылы жүзеге асырылуда Әлеуметтік желілерде педагогтардың бейнесабақтары, оқушылар мен студенттерді шығармашылық жұмыстары, әдістемелік көмек көрсету және өзара тәжірибе алмасу, жалпы білім саласындағы оқыту-тәрбиелеу бағытындағы іс-шаралар туралы ақпараттар тұрақты жариялануда.
Білім беру ұйымдары эпидемиологиялық жағдайға қойылатын санитарлық талаптарға сәйкес құрал-жабдықтармен жабдықталған, тазалық режимі сақталып, тиісті құрылғылармен қамтылған. Барлық білім беру ұйымдарында санитарлық талаптардың сақталуы мониторингі топтар арқылы қатаң бақылауға алынған.