Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасы туралы

 Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел Үміті» бастамасы шеңберінде Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектептердің қабілетті оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау мақсатында өткізіледі.

⠀⠀      «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасына соңғы екі оқу жылында ауыл мектептерінде оқитын 5 және 6 сынып оқушылары шақырылады.

Қатысуға өтінім беру ағымдағы жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында https://1000bala.elbasyacademy.kz/ сайтында жүзеге асырылады.

⠀⠀      Олимпиада екі кезеңде онлайн-платформада компьютерлік тестілеу арқылы өткізіледі. II кезең жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квотаға сәйкес дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуға түсуге мүмкіндік беріледі.

⠀⠀      1-ші және 2-ші кезеңдердің күндері мен уақыты туралы ақпарат тіркеу аяқталғаннан кейін ҚР БҒМ ресми ресурсында орналастырылады.

⠀         Техникалық қолдау алу үшін 8-800-080-48-48 нөміріне қоңырау шалуға болады, қоңырау шалу тегін.

О Республиканской олимпиаде «Национальная интеллектуальная олимпиада для сельских школ «Мың бала»
Дата публикации
25 февраля 2021