Қыс мезгілінде мұз тұру кезеңінде мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтау жөнінде жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен және кәсіптік оқу орындарының студенттері үшін нұсқамалық үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында төмендегі шаралар өткізілуде.
-Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлескен арнайы іс-шаралар жоспарына сәйкес «онлайн» режимінде интерактивті сабақтар( қаңтар, ақпан, наурыз) кесте бойынша өтуде.
25 қаңтар - 5 ақпан аралығында барлық білім беру ұйымдарында «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік» тақырыбында акция өтуде. Акция аясында ата-аналарға «Мұз үстіндегі қауіпсіздік» тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізілуде.
Оқушылар арасында «Мұз айдынындағы қауіпсіздік ережесі» сынып сағаттары, «Қауіпсіздік ережелері» сурет конкурстары өтуде.
Сонымен қатар, инстаграмм әлеуметтік желінің «Атырау-Мектеп-Тәрбие» парақшасында және облыс әкімдігінің интернет-ресурс порталының «Ата-аналар үшін» бөліміне «Мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтау» айдарымен бейнеконтент орналастырылды.