Облыстағы жалпы білім беретін мемлекеттік 197 (ішкі-4950, сыртқы-2385), жекеменшік 5 мектеп (ішкі-31, сыртқы-6) және 149 мемлекеттік (ішкі-3322, сыртқы-1399, жекеменшік 55 балабақша (ішкі-518, сыртқы-205) 100% пайыз бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілді. Саны мен сапасын ұлғайту мақсатында (бірлескен бұйрық талаптарына сәйкестендіру, қосымша орнату, жөндеу, т.б.) қосымша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылы жергілікті бюджеттен 173 млн. теңге қаржы бөлінді, жұмыстар жүруде. Атырау қаласындағы 56 мектеп, 8 балабақша және 11 колледждің бейнебақылау жүйелері Полиция органдарының Жедел басқару орталығына қосылған.
Жедел басқару орталығына қосу мәселесі бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісім-шарты негізінде Көркем Телеком» ЖШС арқылы жұмыстар жүзеге асырылуда.
Барлық білім беру ұйымдарының жылы дәретханаларының жөндеу жұмыстарына 2020 жылы жергілікті бюджеттен 470,0 мың тенге қаржат бөлінді. Тазалау құрылғылармен қамтамасыз етілген. Үнемі қажетті тазалық жұмыстарын жүргізуді бақылауда ұстау туралы барлық білім беру ұйымдарына хат жолданды.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларының сақталуы үнемі бақылауда.
Жылыой ауданының мектептердің 100% мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген.
Білім беру ұйымдарына бекітілген мектеп инспекторлар саны - 127, бұдан басқа Атырау, Құлсары қалаларында учаскелік полиция инспекторларының саны - 25, аудандарда учаскелік полиция инспекторлары - 13.
Атырау облысы бойынша облыс, қала, аудандар, әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі 11 комиссия (1 облыстық, 1 қалалық және 9 аудандық) қызмет атқарады.
Комиссия отырыстарында мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары бойынша мәселелер тыңдалды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелерге сәйкес денсаулық, білім, полиция бөлімдеріне, аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелерге кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар берілді.