Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2021 жылы Атырау облысы білім берудің міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтердің ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

1 лот    

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2021 жылы Атырау облысы білім берудің міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтердің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

 

Лоттың № 1

Лоттың атауы: Білім беру ұйымдарында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге және патриоттық тәрбие беруге, еріктілер қызметін дамытуға, құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу бағытында ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру

Конкурстық өтінімнің бір бөлігін құрайтын және көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапалық және техникалық сипаттамаларын көрсететін құжаттар әрбір лот бойынша жобалар түрінде берілуі және келесідей ақпараттардан тұруы тиіс:

  1. Ұйым миссиясының таңдап алған бағыттағы жұмыстарының негіздемесі (лот атауының ұйым қызметінің бағытына сәйкестігі), жоба бойынша қызметінің тәжірибелік маңыздылығы мен рөлі;
  2. Лот тақырыбына сәйкес мәселелік аймақты зерделеу (қалыптасқан жағдай бойынша), ұсынылып отырған мәселені шешу жолдары, оның ішінде отандық және халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып;
  3. Әлеуетті өнім берушінің жобадағы қызметі бойынша жетістікке жетудегі нақты мақсаты (мақсаттары) және негізгі міндеттері;
  4. Жобаны жүзеге асыру механизмі, оның ішінде тапсырыс тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері);
  5. Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер;
  6. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар үшін жобаны орындау қорытындысы бойынша нақты ұсынымдар;
  7. Шығындар сметасы жобаны іске асыру кезеңдеріне сәйкес шығындардың барлық түрлерін егжей-тегжейлі сипаттаумен жасақталған конкурстық бағалық ұсынысты сұратқан кезде бағалар кестесімен беріледі.
  8. Жобаны жүзеге асыру қорытындысының тиімділігін бағалайтын өлшемді критерийлері;
  9. Жобаны жүзеге асыру барысында жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;
  10. Бюджеттен тыс қаражат көздерін тарту мүмкіндіктері туралы мәліметтер;

 

Егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары

№

Іс-шара

(атауы және нысаны)

Өтетін орны

Өткізу мерзімі

1

2

3

4

 

 

 

 

                 

Жобада міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс шаралар:

  • «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қозғалысына облыс оқушыларының 5-11 сынып аралығындағы жас ұландықтар қатарына 70%-ға дейін, 1-4 сынып оқушыларының жас қырандықтар қатарына 63,1%-ға дейін қамтуды көтеру;
  • «Жас ұлан» республикалық штабынан келіп түскен хаттар негізінде республикалық шараларды жергілікті жерлерде ұйымдастыру және жеңімпаздарды республикалық кезеңге қатысуын қамтамасыз ету;
  • «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметін насихаттау мақсатында шаралар (Атырау қаласы және 7 ауданда слеттер, барлық мектепте бір уақытта салтанатты лездемелер, облыстық Форум («Жас ұлан» республикалық ұйымының ережесіне сәйкес 7 бағыт бойынша номинаттар (7 адам) және «Үздік ұланбасы», «Үздік тәлімгер», «Үздік мектеп ұйымы», «Үздік атқарушы хатшы» жүлде иелерін анықтап, марапаттау) өткізу.

- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде балалардың «Қоғамға қызмет» әлеуметтік волонтерлік жобасын іске асыру мақсатында волонтерлік қызметті ұйымдастыру бойынша қатысқан семинар, курстардың сертификаттарының не болмаса басқа да құжаттарының болуы, «Еріктілер клубының қызметі» облыстық семинар, «Үздік мектеп еріктісі» байқауын өткізу, еріктілер қызметіне мониторинг жүргізу; 

  • Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған құқықтық сауат ашу мақсатындағы прокуратура, сот, полиция органдары өкілдерінің қатысуымен Атырау қаласы және 7 ауданда кездесулер өткізу;
  • Жаз мезгілінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жасұландықтардың жазғы мектебін ұйымдастыру, пікірталас клубтарының байқауын өткізу, республикамыздың өзге облыстарында орналасқан тарихи-мәдени орындарға жорықтар ұйымдастыру,
  • Оқушылар арасында нашақорлықтың алдын-алу мақсатында облыстық үздік театрландырылған қойылымдар конкурсын өткізу;
  • Тапсырыс берушімен алдын ала шараларды өту тәртібін келісуі керек;
  • Облыстық деңгейде өткізілетін байқауларды филармония, театр немесе тағы да басқа арнайы сахналық жабдығы бар орындарға өткізу;
  • Ақпараттық және әдістемелік баспа өнімдерін шығару;
  • Өткізілген шаралар бойынша мақалалар мен материалдарды БАҚ, әлеуметтік желілерде, Білім беру басқармасының сайтында жариялау.

            Есепке қойылатын талап

- Қаржылық және шығармашылық есептер Тапсырыс берушіге аралық есеп және қорытынды есеп ретінде ұсынылады.

Өнім беруші міндетті:

- Тапсырыс берушіге келісім шартқа сәйкес жобаның әр шарасын өткізген соң 3 күн ішінде қажетті қосымшалармен бірге есеп тапсыруы керек;

- Жұмыстың әр кезеңі аяқталған соң есепті Тапсырыс берушімен келісу;

- Қызмет көрсету қорытындысы Тапсырыс берушіге конкурс қорытындысы бойынша өнім берушімен жасалған келісім шартта көрсетілген мерзімде берілу керек.

            Аралық қаржылық есеп. Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, Жетекші аралық қаржылық есепті дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім-шарттар, есеп-шоттары, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырыстары, тауарлық жөнелтпе құжаттар және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмерленген болуы керек. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет.

             Қорытынды шығармашылық есеп.  Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, Жетекші міндетті түрде қорытынды шығармашылық есебін дайындап, онда барлық өткізілген іс-шараларды толықтай жазып, әдістері мен технологиялары, туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктерге ұсыныстар болуы қажет. Шығармашылық есепте әрбір шараны жекелей жазу қажет. Әрбір өткізілген іс-шараның есебіне әлеуетті өнім беруші мыналарды қосуы керек: тұжырымдама, іс-шараны өткізудің бағдарламасы, күн тәртібі, қатысушылардың тізімі (Тегі, аты-жөні, жұмыс/оқу орны, байланыс телефондары) жаттықтырушы/кеңесші/лектор/ модераторлардың резюмелері, байланыс ақпараттарымен бірге, (семинар-тренингтер, консультациялар, лекциялар, дөңгелек үстелдер үшін) баспасөз парағы, баяндамадан немесе құттықтаудан үзінді, іс-шара хаттамасы, фотосуреттер (жалпы фон және банер бейнеленген 10х15 см форматтағы 6 дана) электронды және баспа БАҚ-та жарияланған мақалалар көшірмесі, аудио/бейне материалдардың көшірмесі (егерде, эскиздар мен фотосуреттер мүмкін болмаған жағдайда), таратылған материалдар, полиграфиялық, имидждік және сувенирлік өнімдердің үлгілері және басқа да қажетті дәлелдейтін материалдар болуы тиіс. Есепте мына қосымшалар болуы қажет: фото, бейне, аудио және электрондық материалдардың мұрағаты. Қорытынды есеп Тапсырыс берушіге 2 данада термотүптемеде және PDF электронды форматты дискілерде ұсынылуы қажет және де қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейінгі 5 күн ішінде тапсырылуы керек.

            Қорытынды қаржылық есеп (жобаның жүзеге асырылуының қорытындысы бойынша). Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, Жетекші аралық қаржылық есепті дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім-шарттар, есеп-шоттар, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырысы, тауардың жөнелтпе құжаттары және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмерленген болуы керек. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет. Қорытынды қаржылық есеп Тапсырыс берушіге қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына 5 күн қалғанда 1 данада тапсырылады.

           

 

Атырау облысы Білім беру

басқармасының басшысы                                                                                                С.Есенғалиев

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2021 жылы Атырау облысы білім берудің міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтердің ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Дата публикации
17 февраля 2021