Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушы, мұғалім, ата-ана арасындағы ынтамақтастықты нығайту, болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ортақ мүдде тұрғысынан қарау мәселесі аясында «Отбасы – мектеп: қашықтықтан оқыту жағдайындағы ынтымақтастық» атты облыстық ата-аналар слеті өтті. Слетке ардагер ұстаздар, республикалық және облыстық қоғамдық бірлестік, орталықтардың, ата-аналар қоғамдық кеңесінің, құқық қорғау органдарының өкілдері; білім беру бөлімдері мен оқу орындарының басшылары; білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары онлайн режимінде қатысты.
Слет модераторы - Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.
Спикерлер - Құрманғазы аудандық ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайрат Сейфуллин отбасы тәрбиесі туралы өзекті ойымен бөліссе, Облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Орынгүл Кушкалиева - бала қауіпсіздігі, карантиндегі қашықтан оқыту жағдайында бала тәртібін бақылау, құқық бұзушылықтың алдын алу, облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова - пандемия жағдайында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы, жаңа жұмыстар, облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Г.Жұмаева отбасындағы психологиялық ахуалдың ролі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, қала, ауданнан онлайн режимінде қатысып отырған ата-аналар қоғамдық кеңестерінің мүшелері де өз пікірлерін білдірді.
Слет аясында өмірін білім саласына арнаған ардагер ұстаздарымыз Жалмурзина Гүлбарша Қиданқызы, Шолтыров Нариманбек, Нұрсұлтанова Нәсіп Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Бала тәрбиесіне, мектептің жұмысына жанашырлық танытып, бастамашыл боп жүрген азаматтар «Ең белсенді қоғамдық ата-аналар бастамасы» номинациясында Семғалиев Әлібек Аманжанұлы, Жылыой ауданынан Адилов Мақсот Айнашұлына марапаттар табысталды.
Қашықтықтан өткізілген Республикалық «Бақыт отбасынан басталады» атты бейне интернет-жобасы конкурсына белсенді қатысқан отбасылар мен оқушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің марапаты жолданған болатын. Олар:
«Менің отбасым - көптілді отбасы» номинациясы бойынша Мақат ауданынан Каримовтар отбасы;
«Менің отбасым шығармашылық және өнер әлемінде» номинациясы бойынша Мақат ауданынан Сүйесіновтер отбасы;
«Менің отбасым - кітаптар әлемінде» номинациясы бойынша Құрманғазы ауданынан Ержанова Ақтолқын;
«Менің отбасым - еріктілердің тату отбасы» номинациясы бойынша Қызылқоға ауданынан Мүрсін Айсезім;
«Менің отбасым - көптілді отбасы» номинациясы бойынша Мақат ауданынан Бисешов Жұлдыз.
Республикалық «Ең бақытты ел» қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткізілген семинар-тренингтер кешенінің барлығына түгел қатысып, ой-пікірлерімен бөлісіп, белсенділік танытқан Индер ауданының Әкелер мектебінің төрағасы Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы «Ең бақытты ел» қоғамдық қорының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Қашықтықтан оқыту жағдайында Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауларына белсене қатысып, жүлделі І-орынды иеленген Сағиевтар отбасы (Жылыой ауданы) Әбдікәримовтер отбасы (Жылыой ауданы), Талбаева Айсауле (Жылыой ауданы), Кенжебаевтер отбасы (Исатай ауданы) марапатталды.
Слет Атырау қалалық оқушылар орталығының «Алтын дауыс» хорының орындауында «Қазақстан - егемен елім» әнімен аяқталды.