Атырау облысында білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мен цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Облыстық білім беру басқармасы және оған қарасты 8 білім бөлімі (1 қалалық, 7 аудандық) мен 595 білім беру ұйымы халыққа қызмет көрсетуді бекітілген қағидаларға сай жүзеге асырып келеді.
2025 жылы білім беру саласында барлығы 156 254 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында басқармамен ішкі бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі уақытта білім саласы бойынша 36 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер «Электрондық үкімет» порталы және мемлекеттік корпорация арқылы, сонымен қатар, «Indigo», Egov.kz, «MALAHIT», «es.iac.kz» «Lira» платформалары арқылы цифрлық форматта ұсынылуда. Цифрландыруды дамыту мақсатында өңірде 595 өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Бұл бұрыштарда тұрғындарға электрондық қызметтерді алу бойынша кеңес беріліп, есепті кезеңде 20 мыңға жуық электрондық цифрлық қолтаңба рәсімделген.