GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
Егін шаруашылығы
16 октября 2026
Хабарландыру

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламасы аясында 2026 жылғы 14 қазан күні жергілікті уақытпен сағат              09:00-де https://gosagro.kz  ақпараттық порталы арқылы субсидиялауға өтінімдерді қабылдау басталатынын хабарлайды.

Әкімшілік-қаржы
29 сентября 2026
"Ашық бюджет" порталындағы өзгерістер
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Ашық бюджет» порталында https://budget.egov.kz/ 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларға өзгеріс енгізілгенін хабарлайды. Сілтеме бойынша толықтай мазмұнын қарап, танысып және ашық талқылауға толық мүмкіндігіңіз бар.
 
741001 (2026) - Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
741001 (2026) - Услуги по реализации государственной политики на местном уровне в сфере сельского хозяства и земельных отношений
 
741008 (2026) Басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау
741008 (2026) Субсидирование развития производства приоритетных культур
 
741029 (2026) Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс- шаралар
741029 (2026) Мероприятия по борьбе с вредными организмами сельскохозяйственных культур
 
741035 (2026) Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру
741035 (2026) Формирование региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров
 
741053 (2026) Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау
741053 (2026) Субсидирование развития племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства
 
741 113 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер
741 113 Целевые текущие трансферты нижестоящим бюджетам
Балық шаруашылығы
01 сентября 2026
Атырау облысында 5530 тонна балық ауланды
 
Атырау облысында балық шаруашылығын дамыту және жергілікті өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өңірде 5530 тонна балық ауланды.
Ауланған өнімнің 4643 тоннаға жуығы шет елдерге экспортталды. Бұл жалпы ауланған балық көлемінің шамамен 84 пайызын құрайды.
 
Балық өнімдерін экспорттау өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі маңызды бағыттардың бірі. Жергілікті кәсіпорындар өндірілген өнімді ішкі нарыққа жеткізумен қатар, сыртқы нарыққа шығару арқылы саланың экономикалық әлеуетін арттыруға үлес қосып келеді.
 
Балық өнімдеріне деген сыртқы сұраныстың болуы өндіріс көлемін ұлғайтуға, кәсіпорындардың қуатын арттыруға және жаңа нарықтарды игеруге мүмкіндік береді.
Алдағы кезеңде балық шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу көлемін арттыру, өнім сапасын жақсарту және экспорттық бағыттарды кеңейту бойынша жұмыстар жалғасады.
Әкімшілік-қаржы
01 сентября 2026
«Ашық бюджет» порталында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары жарияланды
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Ашық бюджет» порталында https://budget.egov.kz/ 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жарияланғандығын хабарлайды. Осыған орай сілтеме бойынша толықтай мазмұнын қарап, танысып және ашық талқылауға толық мүмкіндігіңіз бар.
 
741001 - Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
741029 - Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс- шаралар
Егін шаруашылығы
26 августа 2026
Өңірде егін жинау жұмыстары 52%-ға орындалды
 
Атырау облысында 2026 жылғы егін жинау науқаны жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Биылғы көктемгі егіс жұмыстары кезінде өңір бойынша 10 083,2 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
 
Қазіргі уақытта 5 252 гектар алқаптан барлығы 75 864 тонна өнім жиналды. Оның ішінде 3 111 тонна картоп, 34 000,6 тонна көкөніс және 24 241,2 тонна бақша дақылдары бар.
Бүгінде егін жинау жұмыстарының 52 пайызы орындалды. Қалған алқаптардағы өнімді жинау жұмыстары қараша айына дейін жалғасады.
 
Егін жинау науқанына қажетті техника мен еңбек ресурстары жұмылдырылып, жұмыстар өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан жоспарлы түрде жүргізілуде.
Инвестициялық талдау, экономика және несиелеу
26 августа 2026
Атырау облысында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны артады
 
Атырау облысында агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жаңғырту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің заманауи техникаға қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Мемлекеттік қолдау тетіктерінің бірі – ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікті лизинг арқылы алу. Бұл шаруашылықтардың машина-трактор паркін жаңартып, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
 
Өңірде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны жыл сайын артып келеді. 2024 жылы техника паркін жаңарту деңгейі 37,76 пайызды құраса, биылғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 62,92 пайызға дейін өскен.
2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға қатысты 81 өтінім қабылданып, 152 қаржылық лизинг шарты жасалды. Нәтижесінде аграрлық құрылымдар тракторлар, жемшөп дайындайтын техникалар мен аспалы жабдықтарды қоса алғанда, қажетті заманауи техникалармен қамтамасыз етіледі.
Инвестициялық субсидиялау және жеңілдікті лизинг бағдарламалары аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер заманауи әрі жоғары өнімді техникаларды сатып алуға мүмкіндік алуда.
 
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту егіс және басқа да маусымдық жұмыстарды уақытылы жүргізуге, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістік шығындарды азайтуға және шаруашылықтардың тиімділігін көтеруге ықпал етеді.
Осылайша, жеңілдікті қаржыландыру бағдарламаларын тиімді пайдалану Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешенінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы
26 августа 2026
Асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтуге 484,6 млн теңге субсидия берілді
 
Атырау облысында мал шаруашылығын дамыту және асыл тұқымды мал басын көбейту бағытында мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығын дамытуға 539,8 млн теңге субсидия төленді.
Оның ішінде отандық асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басын сатып алуға 484,6 млн теңге субсидия берілді. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,3 пайызға жоғары.
 
Мемлекеттік қолдау отандық асыл тұқымды мал басын көбейтуге, шаруашылықтардағы малдың сапалық құрамын жақсартуға және етті мал шаруашылығының өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жұмыстары өңірдегі мал басын сапалы толықтыруға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұрақты дамуына мүмкіндік береді.
 
Айта кетейік, өңірде асыл тұқымды ірі қара мал өсіруші шаруашылықтар саны 2025 жылы 143 шаруашылық болса, 2026 жылы 161 шаруашылық болды.
Мал шаруашылығы
26 августа 2026
Өңірде мал шаруашылығын дамытуға 600 млн теңгеден астам субсидия берілді
 
Атырау облысында мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау бағытында мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері мал шаруашылығы саласына жалпы 662,9 млн теңге субсидия төленді. Оның 539,8 млн теңгесі етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығын дамытуға бағытталды.
 
Сонымен қатар, сүтті және сүтті-етті ірі қара, қой, жылқы, түйе және етті құс шаруашылықтарына да субсидия беріліп, мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп келеді.
 
Мемлекеттік қолдау мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін арттыруға және шаруашылықтардың тұрақты дамуына бағытталған. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Мал шаруашылығы
26 августа 2026
Атырауда құс етін өндіретін «Atyrau Chicken» фабрика жұмыс жасайды
 
Өткен жылдың қараша айында іске қосылған бройлерлік бағыттағы құс етін өндіретін «Atyrau Chicken» құс фабрикасы бүгінде толық өндірістік қуатқа шықты. Қуаттылығы жылына 5 000 тонна құс етін өндіруге жететін бұл кәсіпорын Солтүстік Қазақстан тәжірибесі жобасы аясында жүзеге асырылған.
 
Жоба өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Кәсіпорында заманауи технологиялар қолданылып, құстың өсіп-жетілуінен бастап, дайын өнімге дейінгі барлық өндірістік процесс қатаң ветеринарлық және санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
 
Құс фабрикасы іске қосылғалы бері ондаған жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды. Өндірілген өнімдер өңір нарығына және көршілес облыстарға жеткізілуде.
Алдағы уақытта кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып, өнім түрлерін көбейту және қайта өңдеу бағыттарын дамыту жоспарлап отыр.
Ветеринария
26 августа 2026
Өңірде 5 жаңа ветеринариялық станция салынады
 
Атырау облысында ветеринариялық қызметтің инфрақұрылымын жаңғырту және мамандардың жұмыс жағдайын жақсарту бағытында жаңа нысандар салу жоспарлануда.
2026–2027 жылдары облыста 5 ветеринариялық станция салу көзделген. Оның ішінде 2026 жылы – 2, 2027 жылы тағы 3 ветеринариялық станция салынады.
 
Жаңа нысандар ветеринариялық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы жануарларына жүргізілетін профилактикалық әрі диагностикалық іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ветеринариялық станциялар базасында жануарларды ветеринариялық тексеру, аурулардың алдын алу, диагностика жүргізу және басқа да қажетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалады.
 
Бұл бағыттағы жұмыстар өңірдегі ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, мамандардың жұмыс тиімділігін арттыруға да ықпал етеді.
Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығын қорғау, жұқпалы аурулардың алдын алу және ветеринариялық-эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарына қосымша мүмкіндік береді.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы