«2026 жылға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы»қаулы жобасына баспасөз хабарламасы

Осы қаулыны әзірлеуші Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасыболып табылады.

Осы қаулының жобасы жылыжайлардың тұрақты жұмысын камтамасыз етеді. Өсірілетін дақылдар көлемініңұлғаюына ықпал етіді, әсіресе қыс көктем мезгілінде бағаны тұрақты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Қаулы жобасын әзірлеу және бекіту жөніндегі құзырет«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптары, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5, 17-тармақтары.

Дата публикации
17 марта 2026